Кручина Сергей Иванович

1959 жылы туған. Петропавл педагогика институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген. Велоспорттан КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Еңбек жолын «Еңбек резервтері» Бүкілодақтық ерікті спорт қоғамы облыстық кеңесінің велоспорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады. Әскердегі қызметтен кейін Бескөл аудандық, облыстық спорт комитеті балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, «Динамо» облыстық кеңесінде велоспорттан жаттықтырушы, велосипед спорты бойынша арнаулы олимпиадалық…

Леонтьев Сергей Геннадьевич

1965 жылы туған. Темір жол училищесін бітірген соң Петропавл локомотив депосында электровоз машинисінің көмекшісі, әскерден кейін С.М. Киров атындағы зауытта слесарь, инженер-электромонтер болды. 1995 жылдан жеке бизнеспен айналысуда. Осы уақыт ішінде ол көппрофильді кәсіпорынның басшысына дейін өсті. «Фирма Леонтьев» ЖШС-нің өнімдері еліміздің және Ресейдің тұрғындарына жақсы таныс. Кәсіпорын шығаратын өнімдер сапалығымен ерекшеленеді. Ол өзінің кәсіби шеберлігі мен білімін жетілдіруге үнемі көңіл бөліп отырады.…

Бауыржан Ниязұлы Құлжанов

1953 жылы туған, Омбы дене тәрбиесі мемлекеттік институтының жаттықтырушылар мектебін, Ресей кеден академиясын бітірген, қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы. 1980 жылдан Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің спорттық-бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. Балалар арасында «Былғары доп», «Алтын шайба» жарыстарын өткізді. Облысымызда «Ақ бидай», «Солтүстік» ауыл-село спортшыларының мерекесін ұйымдастырушылардың бірі. 1990 жылдан «Динамо» ерікті спорт қоғамын басқарды.…

Маргарита Евгеньевна Мукашева

1986 жылы туған, білімі жоғары, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірді, Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы спорт шебері. Маргарита Евгеньевна орталық спорттық әскерлер клубында қызмет етеді, Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан ұлттық құрама командасының құрамына кіреді, әлеуеті жоғары, ең беделді заманауи турнирларға қатысуда табысты тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы, Қырғызстан және…

Онлайн-Мұқанов оқулары «Зор талант иесі» (С. Мұқановтың 120 жылдығына орай) профессор Ж.Т. Қадыров

Онлайн-Мұқанов оқулары «Зор талант иесі» (С. Мұқановтың 120 жылдығына орай) М. Қозыбаев атындағы СҚУ Тіл және әдебиет институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы меңгерушісі, профессор Ж.Т. Қадыров.

Құлбек Ергөбектің «Келбет» атты кітабінің тұсаукесері

С. Мұқановтың шығармашылық шеберханасы жайындағы Құлбек Ергөбектің «Келбет» атты кітаптыңтұсаукесерін ақын, әдебиеттанушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы өткізді.Автор тікелей эфирге шығып жиналған Петропавл зиялы қауым өкілдеріне кітаптың шығу тарихына тоқталды.

«Тонның ішкі бауындай едім…» онлайн-лекция

Облыстық «Туған жер» бағдарламасы аясында журналист, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі А. Жантеміров Сәбит Мұқанов туралы естеліктермен бөлісіп, өзінің жазушымен бірнеше рет кездесуі туралы айтты.