“Ұлпан” романының қолжазбасы

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Облыстық тарихи-өлкетану музейіне бас сұққан меймандарды құнды жәдігер – көркемсөздің зергері, жерлес жазушы Ғабит Мүсіреповтің “Ұлпан” романының қолжазбасы қызықтырады. Туындының мәтіні араб графикасымен торкөз дәптер парақтарына қарындашпен жазылған. Қолжазба 240 беттен тұрады.  “Ұлпан” – 1974 жылы ел шежіресінің мазмұны негізінде жазылған тарихи романдардың бірі. Бұл роман үш бөлімнен…

Мағжанның ағартушылық ілімі – тәрбие тұнығы

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  1917 жылы қазан революциясынан кейін, сол кездегі қазақтың бір топ зиялылары, елді егемендікке жеткізудің жалғыз жолы – оқу, білім екенін түсінген болатын. Осыған орай олар мектептер ашып, халықты оқу, білімге шақырып қана қоймай, өздері оқулықтар, әдістемелік құралдар жазды. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Егер Мағжанның ағартушылық, ұстаздық жолына…

Сафуан мен Зейнел-Ғаби

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Жазушылар арасындағы текетірес пен пендешілікті көргенде, өмірден өткен аға жазушылардың өнегелі жолын, өскелең жасқа құрметін, өнер киесіне адалдығын еріксіз еске аласың. Соның бірі – Сафуан мен Зейнел-Ғабидың сыйластығы. Бір өңірдің тумасы болғанынан емес, бір өмірдің, бір арманның жыршылары болғанынан да шығар, қос қаламгер бір құс қанатындай қатар самғады.…

Мағжан мен Мандельштам

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Белгілі қаламгер, жазушы-тарихшы Амантай Сатаевтың артында біраз әдеби мұра қалған. Оның ішінде Мағжан Жұмабаевқа қатысты эссесі назар аударарлық. Оған Мағжан Жұмабаев пен орыс ақыны Осип Мандельштамның жақын таныс болғаны жөнінде өткен ғасырдың елуінші жылдарының аяғында жазушы Зейін Шашкин әңгімелеп берген. Осип Мандельштам – XX ғасырдағы орыс поэзиясының ірі…

Қаламгердің ғажайып әлемі

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана …КСРО ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫВЫҢ 1960 ЖЫЛДАН МҮШЕСІ, ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫ, МЕНІҢ АСЫЛ ӘКЕМ ЗЕЙНЕЛ-ҒАБИ ИМАНБАЕВТЫҢ ӨМІРІНІҢ ӨЗІ ДЕ ЕРЛІККЕ ПАРА-ПАР ЕДІ ҒОЙ. ОЛ ТУРАЛЫ АЗ АЙТЫЛЫП, АЗ ЖАЗЫЛҒАН ЖОҚ.  Шынында да жазушылық, ақындық үлкен тапғампаздықты, ой ұшқырлығын, жан-дүниө байлығын, адами асыл қасиеттерді, таным мен нанымның тереңдігін, сөз қүдіретін түсіне білу…

Менің де атам от кешкен

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Соғыс атты суық сөздің аты өшіп, бейбіт өмір кешіп отырғанымызға биыл 77 жыл толды. Ел басына күн туып ер етігімен қан кешкен сол бір сұрапыл жылдарда мыңдаған қазақстандық майданда кеудесін от пен оққа төсеп отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады. Қаншама боздақ азаттық үшін жандарын пида етті.  Генерал-майор И.В.Панфилов…

«Көркем сөздің шебері» Сафуан Шаймерденовтің туғанына 100 жыл

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Биылғы жыл біздің өңір үшін айшықты жылдардың бірі. Биыл қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан бірнеше жерлес ақын-жазушылардың мерейтойлары аталып өтпек. Солардың бірі – Қазақстаннның Халық жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты С.Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толады. Бүгінгі эфирдің қонағы – С.Шаймерденовтің жерлесі, жас ақын Самрат Құскенов жазушы туралы…

Қаруын қаламға айырбастаған

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Омырауы орден-медальға толы ардагерлер кез келген отырыстың көркі еді ғой! Ентелеген жауды тізе бүктіріп, жерімізді азат еткен жауынгерлерге деген құрмет те кезінде ерекше болатын. Әр ауылдың өз батырлары бар. Олардың майдандағы ерліктері жайлы айтқан әңгімелері жас буынды ел мен жерді сүюге тәрбиелеп, ержүректікке баулитын. Осындай талай жиынның ортасынан…

Автобиографиялық әңгіме

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана (Соңы. Басы өткен сандарда). Мен Пресногорьков жоғары бастауыш мектебін жиырма бірінші жылы бітірдім. Енді еске түседі, сол мектептің айналасында ғана бірталай қызық нәрселер бар екен. Ең алдымен, Кеңес өкіметі орнағанға дейін, біз күнде таңертең сабақ алдында «дұғаға» тұрушы едік. Барлық бала мектептің екінші қабатындағы үлкен залға сапқа тұрады.…

Автобиографиялық әңгіме

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана (Басы өткен санда).  Қобызшы, домбырашы, әнші, жүйрік ат, қыран құсқа құмар Ботпай деген жақын ағамыз улап-шулап отырған балалардың арасына жиі келіп отырады. Үлкендерден біреу келгенде балалар тіпті әндетіп кетеді (ескі оқудың әдісінде үндемей оқу атымен жоқ қой!):  -Әліпкі-күсін – ән, әліпкі-кәсін – ен, әліпкі-күтірөн-әи-ен, өн!  Жарықшақсыз жас дауыстарға…