Атындағы ҚМУ облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының С.Мұқанов »
Саумал – сан түрлі сырқатқа ем. Қазақстан дәрігерлері коронавирусқа шалдыққандарға қымыз ішуге кеңес беруде. Бүгінде ұлттық сусынға деген сұраныс деңгейі рокордтық көрсеткішке жеткен. Базарда бағасы да шарықтап тұр. Солтүстік Қазақстан облысында қымыз өндірісімен айналысатын «Арқалық» шаруа қожалығы ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін Ресейге экспортты тоқтатуға мәжбүр.
Нағашыбай Барлыбаев басшылық ететін «Арқалық» шаруа қожалығының табынында 550-дем астам жылқы бар. Қазір серіктестік тоқсан шақты бие байлап отыр. Тәулігіне 600 литр қымыз өндіреді. Короавирус пандемиясына дейін бұл көрсетіш әлдеқайда төмен боған. Соның өзінде ұлттық сусын Қазақстанның өзге облыстарм мен Ресей Федерациясының бірқатар қалаларына жөнелтілетін. Қазір қожалық облыс көлемі мен көршілес Көкшетау қаласынан түсетін сұраныстың өзін толық қанағаттандыра алмай отыр. Себебі, қымызға деген сұраныс күрт артып, бұған дейіи ешқашан болмаған рекордтық деңгейге жоткен.

– Сауын биелердің санын 88-ге жеткіздік. 120 бие байлау үшін әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның өзінде сұранысты толық өтей алмаймыз. Өйткені, кымыз сұрап хабарласатыңдар көп. Барлығына көмектескіміз келеді. Бірақ Петропавл қаласындағы супермаркеттердің өзіңдегі қымыз сөрелерден лезде жоқ болады. Өйткемі, көпшілік өнімді емдік, профилак-тикалық мақсатқа пайдалана бастады, -дейді Нағашыбай Сабырұлы.
Бұған дейін күніие 5-6 рет сауылатын биелер қазір жеті рет сауылады. Сәйкесінше, құлындардың қорегі азайған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшіи шаруашылық жылқы төліне дәрумеңдер мен сиыр сүтін бере бастаған.
– Жылқылар, негізінен, тебіңде жүреді. Қыста қатты суық болған кезде қосымша азықтандырамыз. Ал сауылатын биелердің рационы мүлде басқа. Қазір құлындардың да күтіміне біршама өзгерістер енгізіліп жатыр Таңғы 6-да енелерінен бөліп аламыз. Жемшөп, дәрумендер береміз. Ана-сынан ала алмаған қоректің орнын толтыру керек қой. Әйтпесе, өспей қалады. Жылқы таза мал болғандықтан, коп сырқаттана бермейді Дегенмен, иифекциялық ауруларға қарсы жоспарлы вакцина қойылады, – дейді мал дәрігер. Ғабиден Башпаев.
Қымыз – талай дертке шипа. Дәруменге бай саумал құрамы жағынан ана сүтіне ең жақыны екен. Оны медицина ғылымдары да әлдеқашан дәлелдеген. Тек коронавирус індеті соны тағы да бір еске салғандай.
– Осының барлығың ешқандай ғылыми зерттеусіз ертеден білген ата-бабаларымызға қайран қаламын. Тіпті, қор дайындау әдісінің өзі қызық. Оның бактериялары жаңа туған, енесінің уызын ембеген қой мен ешкінің төлінен алынады. Бие құлындар шяқ таяғанда егіз туған қойдың бір қоша-қанын сойыл жіберіп, асқазанындағы сөлді қырып алып, жылқы сүтімен араластырыл тиісті температурада қор ашытады. Оны жасау асқан шеберлердің ғана қолынан келеді. Бөгде адам бұл ұрдісті аңдып, әдісін көріп қалса, ауыр жазаға кесіледі екем. Ел арасында, тіпті, көзін шұқап немесе өлтіріп тастайтын жағдайлар болғандығы жөнінде де әңгімелер бар, – дейді, Нағашыбай Сабырұлы.
Нағашыбай Барлыбаев жылқы шаруашылығы мемлекет қолдауына зәру екендігін айтады. Кәсіпер елімізде Қамбар ата төлін өсіру және қымыз өндірісі кенжелеп қалуының басты себебін үкімет тарапынан тйсті көмектің болмауымен байланыстырады.
Саумал арнайы ыдыстарға құйылып, цехқаа жөнелтіледі. Таңертең әкелінген сүт 10-12 сағатта ашып, дәмі тіл үйірер қымызға айналады
-Күбіні түтінге жарты сағат ыстап аламыз. Одан кейін қорды құйып сүт қосамыз. Күбілерді пісу керек. Дайын болған қымызды шыны құтыларға құйып, бұрандасын жабамыз. Егер калыпты температура сакталса, мұңдай ыстықа құйылған өнімнің жарамдылық мерзімі 7-8 күнге жетеді, -дейді кымыз цехының маманы Марал Гафиуллииа
-Мемлекет тарапынан шаруашылықтарға дотация беріледі. Мәселен, өндірілген сиыр сүтінің әр литріне – 37 теңге. Ал бие сүтіне – 60, түйеге -55 теңге. Қара мал күніне 40 литр сүт береді. Жылқы мен түйеден әрі кетсе 5 литр өнім алынады. Елімізде жылқы шаруашылығын тиісті деңгейде дамыту үшін дотация көлемі кемінде 200 теңго болуы керек Бұл оңай кәсіп емес. Малға шөбі шүйгін жер, құнарлы тамақ керек,-дейді кәсіпкер.
«Арқалық» шаруа қожалығыңда бие сауу үрдісі автоматтандырылған. Адам қолына үйронгоен жылқылар сауынға келгенде қазқатар тізіліп тұра қалады.
-Жылқылар орнына келу үшін жем салып қоямыз, соған үйреніп алған. Бір сауғанда бір бие 800-900 грамм сүт береді. Автомат міндетімізді едәуір жеңідетеді. Қыста да жұмыс үзілмейді. Ұлттық сусынның өндірісі жыл бойы жалғаса береді. – дейді сауыншы Зеуреш Нұрмұқанова
Өнім сапасын твхнолог маман бақылайды. Назира Нағмет – «Серпін» бағдарламасы бойынша биыл жоғары оқу орнын тамамдапты. Жас маман бірден қымыз цехына жұмысқа қабылданған.

– Сүт күніне 7 рет келеді. Оның барлығын дер кезінде қабылдап, кәдеге жарату керек Қор сақталатын арнайы қойма бар. Ол орталанған сайын сүт кұйып, сапасын қадағалап отырамыз. Университет қабырғасында сүт өңдеу технологиясы, оның ішіңде қымыз туралы оқыдық. Өзім де ізденіп, интернеттен түрлі материалдарды оқимын. Әріптестерім де көмектесіп жатыр,-дейді ол.
Атакәсіпті серік еткен Нағашыбай Барлыбаев коронавирус індетіне байланысты еліміде күрделі жағдай қалыптасқанда карап отыра алмады Қызылжар орталық мешітінің жанынан құрылған «Зекет» қоғамдық қоры арқылы Петропавл қаласыңдағы провизорлық стационарларға қымыз жеткізіп беруде.
Эльмира КӘЛЕНОВА.
________________________________________________________________
Кәленова, Э. Дертке дауа – бал қымыз /Кәленова Э. //Солтүстік Қазақстан. – 2020. – 13 тамыз. – 3б.
(о КХ «Арқалық» (руководитель Н. Барлыбаев), производящем кумыс)