ХХ ғ.басы. (Сәулет)
Ғимаратты ХХ ғ. басында мердiгер Г.И. Пирогов салып, қалалық басқармаға училище қылуға жалға берiп отырған. Сондықтан бұл ғимарат, онымен бiрге жоғары бастапқы әйелдер училищесi де халық iшiнде «Пироговское»аталған. 1916 жылы мұнда Петропавл социалист-революционерлерiнiң партия комитетi және партиялық әдебиет сататын оқу залымен кiтапхана орналасты. Революция кезiнде ғимаратта әртүрлi уездiк мекемелер орн аласты. 1917 жылдың 06 маусымынан бастап мұнда жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Кеңесi бюросы болды. 1918 жылдың 21 мамырында ғимаратта бiрiншi большевистiк қалалық комитеттiң ұйымдастырушысы және басшысы И.Д. Дубынин қатысқан Петропавл және уездiң медициналық ұйымдарының жалпы жиналысы өттi. 1939 жылдың 29 қарашасынан бастап мұнда қалалық атқару комитетiнiң қаулысына сәйкес қалалық емхана орналасты. 1985 жылы ғимарат облыстық дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiне берiлдi.
Ғимарат ХХ ғасырдың басына тән қоғамдық құрылыстарға арналған жоспарлы кiрпiш кешенi және ол қаланың сәулет мұрасы болып табылады.