Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын.

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспановамен «Сәбит Мұқанов – халық жазушысы» тақырыбында онлайн кездесу өтті.Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанова қазақ әдебиетінің алыбы, заңғар жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың шығармашылығына жан-жақты тоқталды. Оның қазақ әдебиетінің дамып, өркендеуіне қосқан зор үлесі, жас жазушыларға жасаған қамқорлығы, адамгершілік қасиеттері туралы да айтып берді.