
1933 жылы Батыс Қазақстан облысы Жамбіті ауданы Жамбіті кентінде туған.
1943 жылдан Одесса Қызыл тулы әскери училищесінің тәрбиеленушісі болды.
1945 жылы Орал қаласының музыкалық мектебіне, кейін керней сыныбы бойынша музыкалық училищесіне түсті. Училищені аяқтағаннан кейін оқуын Алматы консерваториясында жалғастырды.
Консерваторияны аяқтағаннан кейін Петропавл қаласына жолданып, музыкалық училищенің ұстазы жұмысына кірісті, онда 2003 жылға дейін оркестр бөлімшесінің меңгерушісі болып істеді. 1961 жылғы мамырда Петропавл музыкалық училищесінің директоры болып тағайындалды. Екі жылдан кейін әкімшілік жұмыстан қайта ұстаздық қызметке оралды.
Музыкалық училищеде істеген кезінде педагогикалық училищенің жанынан үрмелі, симфоникалық, әйелдер үрмелі аспаптар оркестрін құрды. Оның бастамасы бойынша облыстың аудандарында музыкалық мектептер ашылды. Облыс орталығында дарынды балалар мектебін ашуға оның ауылдың талантты балаларының тағдыры, оларға жас таланттардың дамуына мүмкіндік беретін арнайы мектеп-интернат ашу қажеттігі туралы «Жылама, домбыра» деген тамаша мақаласы әсер етті.
Сайдаш Садықұлы барлық ғұмырында қазақ музыкасын насихаттаушы болды және де қазақ музыкалық фольклорының үлгілерін тырнақтап жинады.
Қазіргі уақытта Соғыс және еңбек ардагерлерінің қалалық халық қорының солисі.
Сайдаш Садықұлы «Орта арнайы білім берудегі үздік табысы үшін (1973), «Өнерпаздық өнердегі жетістігі үшін» (1979) белгілерімен, Ұлы қазан революциясына арналған екінші бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты медалімен (1987), «Тың жерлерді игергені үшін» (1967), ҰОС Жеңістің 40 жылдығына арналған Бүкілодақтық көркемөнерпаздар шығармашылығының лауреаты (1985), «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне ерлік еңбегі үшін» (1970), «Еңбек ардагері» (1985), «ҰОС жеңісінің 65 жылдығы» (2010) медальдарымен марапатталған.