1943 жылғы 18 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданы Чапаев селосында туған.
1968 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітірген, білімі жоғары.
Және де сол уақыттан бастап үзіліссіз үшінші қалалық ауруханада дәрігер анестезиолог – реаниматолог, ал 1969 жылдан бастап анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Алғашқы мамандануды 1969 жылы Алматы қаласында өтті. Содан кейін Орталық және Республикалық, Белорус және Новокузнецк институттарының негізінде дәрігерлерді жетілдіру институттарында бірнеше рет өтті, клиникалық кардиология бойынша аралас жетілдіруі бар. Соңғы жетілдіру 2006 жылы Алматы Мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының негізінде.
Ауруханада жұмыс істеген уақытында Федор Иванович өзін жоғары білікті дәрігер, шебер басшы ретінде көрсетті. Ауруханада және облыста анестезиология және реанимация қызметін ұйымдастырушы болып табылады. Анестезиология және реанимация, физиология және патофизиология, фармакология және биохимия, терапия, педиатрия және хирургия саласында жоғары теориялық және практикалық дайындығы бар, операцияға қатысқан, диагностика жасаған кезде ауруды сездірмейтін барлық заманауи әдістерді жетік меңгерген.
Федор Иванович Кашуба ауруханада аурулардың қанын плазмаферез және ультракүлгін сәулесі арқылы емдеу әдісін енгізді.
Жоғары кәсіби шеберлік, ұжымның жұмысын ұйымдастыра білу принципшілдік — оның жұмысындағы басты ерекшеліктерінің бірі, ауруханадағы клиникалық – анатомиялық және ғылыми-практикалық конференциялардың төрағасы болып табылады.
Облыстық перинаталдық орталықты ашқанда анестезиология және реанимация бөлімшесінің ашылуын ұйымдастырды.
Санавиация бойынша білікті көмек көрсетеді, облыстың барлық реанимациялық ауруларына кеңес береді.
Ұзақ жылдар бойы штаттан тыс облыстық анестезиолог-реаниматолог болып табылады.
1985 жылы оған жоғары білікті анестезиолог – реаниматолог дәрігер санаты берілді, ол тұрақты жұмыс істейтін сертификат берумен бірнеше қайтара расталды;
1990 жылы «Денсаулық сақтаудың үздігі» атағы берілді.