Айымжан-аңыз мекен

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Жамбыл ауданындағы Айымжан ауылы өзі аттас көлдің жағасында орналасқан. Бәрінен бұрын көздің жауын алатын, көлденең көзді сұқтандырмай қоймайтын сұлу табиғатын айтсаңшы! Ата-бабамыздың тұрмыс-салты мен тарихын індете зерттеп жүрген жергілікті өлкетанушылар жинастырған деректерге үңілсек, осынау елді мекен жайлы небір тылсым сырларды көкейге түюге болады. Соның аңызға бергісіз мысқалдай мысалы…