Азат ойдың алдаспаны

XX ғасырдың ұлы дүбірлі шағында Алаш туы астында бас қосқан ардақты тұлғалар ұлт тағдырына бейжай қарамай, бар болмысын азаттық жолындағы күреске арнады. Азат ойдың алдаспанына айналғандардың бірі -жүрегі қазақ деп соққан, өмірін ұлтына арнаған Біләл Малдыбайұлы болатын. Ол – «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп, мәңгілік мұрат жолында алаңсыз алға басқан рух иесі. Біләл —…

«Екеумізді тағдыр табыстырған»

Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тамамдаған соң алып шаһарды артқа тастап, өмірін қызырлы Қызылжардағы «Ленин туы» газетімен байланыстырған игі жақсының бірі -Қазақстанның құрметті журналисі, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Амандық Жантеміров. Қаламгердің зайыбы Бәтима Сағындыққызының жұбайы туралы айтқан тәтті естеліктері ғұмырын жазу өнеріне арнаған тұлғаның өмірдариясын көз алдымызға…

Академик Арыстанұлы

9 монография, 242 ғылыми еңбек жазып, жүзден артық ғылыми жаңалығына авторлық құқық алған атақты ғалым Евней Бөкетовтің туғанына биыл 100 жыл толды. Ғұлама ғалым, химик-металлург, прозашы, сыншы, аудармашы сынды сан өнерді бір бойына тоғыстырған ардақты тұлғаның артына қалдырған мұрасы орасан. Евней Арыстанұлының жазушылық, сыншылық өнері — қазақ ауыз әдебиетіне, оның тіліне деген риясыз жанашырлығынан туған…

Асқар таудай тұлға еді

Ұлттық ғылымымыздың мәртебесін өсіріп, қазақ елінің кең-байтақ даласын қазына көзіне айналдыру мақсатын көздеген Евней Бөкетовтің еңбек жолы кімге болса да үлгі тұтарлықтай. Тау алыстаған сайын асқақ көрінетіні сияқты, уақыт өткен сайын алып тұлғаға айналған жерлесіміздің бойындағы тамаша адамгершілік қасиеттеріне, даналығына, көрегендігіне таңғалмасқа лажың жоқ. Асыл тұлғаның мұғалім болып еңбек еткен жылдарынан бастап, ғалым, әдебиетші ретінде…

Ерлігі елге мәлім Ысқақ батыр

… 1965 жылдың шілде айының орта кезі. Күн ыстық. Балықты көлінің биік дөңінде орналасқан Жаңаталап ауылының бір топ баласы Есіл өзенінің салқын суына шомылып, құмына аунап қайту мақсатымен ауылдан шықтық. Іргеде тиіп тұрған өзенге жеткесін екі-үш сағаттай суға шомылып, құмарымыз қанған соң көп ойланып жатпастан келесі бетке жүзіп өттік және қалың тоғайдың артында әрі кетсе…

Қос тұлға жайлы үздік сыр

Атақты жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың қазақтың көптеген зиялы азаматтарымен етене араласып, дос, жолдас болғаны белгілі. Олардың арасында Алашорда қозғалысының көрнекті басшыларының бірі Міржақып Дулатов та бар. Мағжан 1905-1910 жылдары Қызылжар қаласындағы медреседе білім алған. Қаланың ортасында орналасқан медресені Стамбул университетінде оқыған, араб, парсы тілдерін емін-еркін меңгерген Мұхамеджан Бекішев ашқан. Мұнда араб, парсы, түрік, татар тілдерімен қоса…

Мағжан – «тіленші» ақын

Осы бір қилы кезеңде – 1924 жылдан дайындалған «Табалдырық» манифесі қолжазба күйінде Мәскеуде оқып жүрген студент жастар мен қазақ зиялыларының арасына жедел таралып, таластар мен ұсыныстар да көбейеді. Ондағы тұжырымында М.Жұмабаев қазақ-совет әдебиетінің негізін жасаушылар, алдымен қазақ әдебиетінің ұлттық ерекшелігін ескеруі керек деген батыл ұсынысын былай білдіреді: «…пролетариатпен қол ұстасып, жаңа дүниеге бет алған жолымызда,…

Мағжан – «тіленші» ақын

«Ұлтшыл» деп халқына құбыжық етілген Мағжан Жұмабаевтың поэзиясы 60 жылдан аса ұрпақ назарынан тасаланды. Шығармалары ақталған 1988 жылдан бергі аралықта да оның поэзиясына деген қорқыныш бірден сейіліп кеткен жоқ. Аты аталса аттары үркетіндер арамызда әлі де бар екенін жасыруға болмайды. Содан болар әртүрлі себептермен басылымға кетіп бара жатқан мақалалар мен кітаптарды кідірту сирек болса да…

Әлиханның қолтаңбасы

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның жазба мұрасы өте бай. Бүкіл өмірін қазақтың бостандығы мен бақытына арнаған дауылпаз Әлекеңді қазаққа таныстырып жату артық болар, алайда бүгінгі ұрпақ ұлы көсемімізді біледі деп айтудың өзі артық. Тәуелсіз Қазақстанды аңсаған, Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін саяси күрестің қасында ғана емес, басында болған Әлекеңнің Астанада ескерткіші, Қызылжарда көшесі жоқ болған соң, ұрпақ ауыскан…

Саңқылдаған ақсұңқардай Смағұл

Қызылжар – ұлт мүддесіне адал қызмет еткен небір алыптарды дүниеге әкелген киелі өңір. Ғұмырын еліміздің бақытты болашағына арнаған жерлестеріміздің алғы шебінде мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының тұратыны анық. Ұлт қайраткерінің 125 жылдығы туған жерінде аталып өтті. Айтулы шараға жиналған меймандар алдымен Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектеп алдындағы қайраткердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Содан…