Қаламгерден қалған қазына

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, белгілі жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың «Ортақкөл әңгімелері» кітабының тусаукесері өтті. Шараға Зейнел-Ғаби Иманбаевтың балалары, туыстары, жерлестері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары қатысты. Кітап Алматыдағы «Асыл кітап»баспасында басылған. Жазушының туған жері -Шал ақын ауданында жыл басынан бері қаламгерге арналып кітапхана, музей, өзге де мәдениет ордаларында шығармашылық кездесулөр, «дөңгөлек үстелдер»,…

Оқырманға олжа

Ақын, журналист, аудармашы, жерлесіміз Зейнолла Әкімжановтың «Замана шамшырағы» aтты кітабы жарыққа шықты. Бұл кітапқа талант иесінің әр жылдары жазған шығармалары енгізілген. «Ленин туы» қазіргі «Soltustik Qazaqstan» газетінде ұзақ жыл табанды еңбек еткен әріптесіміздің артында қалған бай мұрасын зерттеп, көзіқарақты оқырманға ұсынуды мақсат еткен жас журналист Самрат Құскенов марқұмның жас кезінде жазған шығармаларын да кітапқа енгізуді…

Кестелі сөздің шебері

  Қазақ әдебиетінің 1960-1970, 1980-1990 жылдарындағы повесть пен әңгіме жанрларын қалыптастыруда және қазақ балалар әдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосып, із қалдырған Зейнел-Ғаби Иманбаевтың туғанына биыл 100 жыл толды. Ол қоғамдық ой-пікір, әдеби, мәдени тарихымызда ереыие орын алатын жарқын тұлғалардың бірі. Сондықтан, қаламгердің рухани бай және сан салалы мұрасын жас ұрпаққа таныту -біздің міндетіміз. Жазушының қаламынан…

Есіл бойындағы ескі шаһар Ақтау қалашығы туралы не білесіз?

Ақтау – Петропавл қаласының солтүстік-шығысына қарай 5-6 шақырым жерде, қазіргі Солнечный шағынауданының төңірегінде, Есіл өзені бойының биік жарқабағында орналасқан тарихи-археологиялық кешен. 1972 жылдары Петропавл педагогикалық институтының және облыстық өлкетану музейінің біріккен археологиялық экспедициясы тарих ғылымдарының кандидаты Марал Хабдуллинаның басшылық етуімен сол жерде қазба жұмыстарын жүргізген. Тарихи кешен қазба жұмыстары кезінде толығымен зерттеліп, бұрынғы сүлбесінің қалпы…

Жауынгер ұстаз

Ұлы Отан соғысының қанды шайқастары мен жеңісті жылдары тарих қойнауына енсе де, Отанымызды қорғаған жауынгерлеріміздің есімдері ешқашан санамыздан өшпейді. Өйткені олар – қан майданда жау оғына кеудесін тосып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткендер.Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің қатары сиреп барады. Жеңісті жақындатқандар қатарында соғыстан оралғаннан кейін ел экономикасын қалпына келтіру үшін барын сала жұмыс істеген ардагерлер…

«Тағылымы мол дарын»

2024 жылдың 24 сәуірі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы жерлесіміз Сәбит Мұқановтың туғанына 124 жыл толуына арналған «Тағылымы мол дарын» атты Мұқанов оқулары өтті (эфирге сілтеме). Тікелей эфирде белгілі жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің СҚО бойынша меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат қазақ…

Ұлт жадының сақтаушысы

Осы жылдың наурыз айында Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтті. Ұлттық құрылтай – бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалатын, билік пен халықты байланыстыратын платформа. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда сөйлеген сөзінде мәдениет, тарих, руханиятқа қатысты біраз түйткілдерге тоқталды. Соның ішінде кітап оқитын ұлт қалыптастыруға ерекше назар аударды, кітапханалардың ұлттың мәдени мұрасын сақтаудағы маңыздылығын атады. Президентіміз…

Сұрапыл соғыс қасіреті

Біз-соғысты көрмеген, бірақ та оның ызғары мен зардабын сезініп өскен ұрпақпыз. Адамзат тарихына қатысты шежіренің ең шерлі беттерінің бірі – екінші дүниежүзілік соғыс зұлматы артта қалса да, ақтаңдақтар әлі де жетерлік, Адамзат тарихында іріліуақты он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде құрбандары мен алапат ауқымы жөнінен ең жантүр-шігерлігі – екінші дүниежүзілік соғыс.…

Сен ыстықсың біздерге

Құйма құлақ, шежіре қариялардың айтулары бойынша Жамбыл ауданында орналасқан Октябрь ауылының тарихы әріден басталады. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары ұжымдастыру науқаны басталғанда осы төңірекке беделді де сыйлы азаматтардың бірі – Жанкісінің Нұрбайы әр жерде рулас ағайындар мен туған-туыстар болып қоныс тепкен ірілі-ұсақты ауылдарды (Қазалы, Қаратерек, Тоқта, т.б.) Нұрбай дөңінде біріктіріп, «Октябрь» ұжымшарына айналдырылған. Осынау игі іске…

Асылдың сынығы, тектінің тұяғы

Осыдан үш жыл бұрын дүниеден өткен көрнекті тарихшы, ұлағатты ұстаз, Тарих және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Қадыржан Әбуовтың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Келлеров ауданына қарасты Талап ауылы. Ағамыз Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде профессор, тарих кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқара жүріп, Отан тарихы мен өңір шежіресін ұлттық таным тұрғысынан зерделеп,…