Еңбегін елге арнаған

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Құдай тағала адам баласына түрлі тағдыр жазады ғой. Өмірде болатын небір адам сенгісіз оқиғалар мен сәтсіздіктерді де тағдырға жорып жатамыз. Өмірін еліне арнап, артында бай өмірбаяны қалған жандарды – тағдырлы адам деуіміз де бекер емес. Өмір болған соң түрлі жағдайлар орын алады. Біреулер жас шағында қыршынынан қиылса, кей…

Қазақ даласының әр төбесі – тұнған тарих

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Өлке тарихын Отан тарихынан бөліп қарауға болмайды. Туған өлкенің өткенін түгендеп, оны халық тарихымен тұтастырғанда ұлттың жасампаздық рухы одан әрі асқақтайды. Облыс орталығынан шалғайда жатқан Уәлиханов ауданының Қулыкөл ауылында ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, мектеп басқара жүріп, жәдігерлерге бай этнографиялық мұражай ашқан Мұхтар Әутәліповтың еңбегі ерен. Бүгінде зейнет…

Сағындырған жыр

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Биыл Алаштың ардақтысы, қамшының сабындай қысқа ғумырын халқының азаттығы жолына арнаған ақын, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Ұлтымыздың асыл перзентінің ғұмыр жолы, тағдыр-талайы тақтайдай тегіс болды деп айта алмаймыз. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен өлеңі туралы жарты ғасырдан астам уақыт бойы айтылмады, насихатталмады. Ақынның кітаптары тыйым салу…

Ұлтының біртуар перзенті

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Мағжан Жұмабаевтың жазбаларында «Адам естелігінде кім болып қаламын, қашан мүлдем жоғаламын?», – деген сөз бар. Қиын тағдырды бастан өткерген жанның сөзі. Талантты да, талапты жан өзінің шығармашылық құдіретіне сенімді еді, бірақ заманын билеген кеңестік жүйеге ақынның көзқарасы ұнамады. Сұрқия саясаттың салдарынан өзінің қазақ халқы үшін асқар тұлға болатынын…

Сафуан мен Зейнел-Ғаби

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Жазушылар арасындағы текетірес пен пендешілікті көргенде, өмірден өткен аға жазушылардың өнегелі жолын, өскелең жасқа құрметін, өнер киесіне адалдығын еріксіз еске аласың. Соның бірі – Сафуан мен Зейнел-Ғабидың сыйластығы. Бір өңірдің тумасы болғанынан емес, бір өмірдің, бір арманның жыршылары болғанынан да шығар, қос қаламгер бір құс қанатындай қатар самғады.…

Айыртау – асыл аймақ арқадағы

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Қызылжар өңірінің жауһары атанған, туризм саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының әлеуеті жоғары ондығына кірген Имантау-Шалқар курорттық аумағы демалушыларды қарсы алуға әзір. Бауыры жасыл қарағаймен қымталып, айналасы аққайыңдармен көмкерілген айдын көлдер маңында 42 туризм нысаны бар. Танымдық демалысты таңдайтындар тарихи-мәдени және табиғи нысандарды аралай алады.  Имантау-Шалқар аймағы Айыртау ауданында орналасқан.…

Бабалар рухына бас иді

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыс орталығындағы Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған шараға өңір басшысы Айдарбек Сапаров пен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары, әскери сала ардагерлері мен жастар қатысты.  Салтанатты шара қатысушылары ескерткішке лек-легімен келіп, гүл қойып, тағзым етті.…

Мың тағзым саған, майдангер!

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Жеңіс күніне орай өңір басшысы Айдарбек Сапаров қалада тұрып жатқан соғыс ардагерлері – Қожатай Некібаев пен Иван Клименконың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан майдангерлердің бүгінде жетеуінің көзі тірі. Мерекеге орай қарт жауынгерлермен жүздескен облыс әкімі олардың ел басына күн туған сәтте халыққа…

Сарғайған хаттар

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысты сан алуан деректер бар. ХХ ғасырдағы ең қасіретті, зұлмат соғысты суреттейтін ресми құжаттардан басқа, майдан тарихын зерттеуде маңызды мәліметтердің бірі – жеке адамдардың майданнан тылға, тылдан майданға жазған хаттары. Олардың ішінде Кеңес одағының батырлары мен қатардағы жауынгерлерден келіп…

Ерте есейткен уақыт

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Айтарым көп сияқты көрінгенімен, жасым 90-нан асқаннан кейін бе, біразы көрген түстей жадымда көмескілене бастапты. Бұғанамыз қатпай жатып еңбекке араластық, ерте есейдік. Неміс басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашып, ел басына ауыр күн туғанда мектеп оқушысы едік. Тұлымшағымыз желбіреп, құлынтайдай асыр салып ойнаудың орнына үлкендермен бірге ұжымшардың жұмысына жегілдік. Таң…