Ерліктің ерен үлгісі
Әкем ағасы Рүстемнің Венгрия жерінде жаумен шайқасқанын жиі еске алып отыратын. «Елден бір уыс топырақ та бұйырмады ғой!», – деп өкінетін. Марқұмның жерленген зиратына зиярат етіп қайту да бұйырмады. 1994 жылы 64 жасында өмірден озды. Кіндік қанымыз тамып, туып-өскен жеріміз – Есіл ауданындағы бұрынғы Тілеп, қазіргі Мәдениет ауылы. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, атақонысымызды…








