19 ғ. соңы. Жамбыл көшесi 160 мекен-жайында орналасқан.
Ғимарат 19 ғ. соңында көпес Халит Янгуразовпен «татарлар тұратын ауылда» салынған. Ғимарат Янгуразовтар мекенжайының көпестiк кешенiне енгiзiлген болатын. 1917 ж. кейiн ғимаратты бiлiм саласының әртүрлi мекемелерi иелендi. 20 ғ. 60-80 жж. бұл жерде спорт мектебi болды. Қазiргi уақытта мешiт Петропавл қ. мұсылман қауымына берiлген.
ХХ ғ. басында мешiт мұнарасы қирап, 90 ж. соңында жаңамұнара салынған.
Ғимарат кiрпiштен салынған, бiрқабатты, жоспарланған тiкбұрышты пiшiндi (10*30 м, мұнарасыз). Мешiттiң тарихи бөлiгi — бiрдей сәулеттi фризбен және бүйiр қасбеттерiндегi жалпы үшкiр маңдайша тұтас параллепепипед. Терезе ойықтары «жақ тәрiздi» пiшiндi.
Ғимарат көпестiк шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгiсi, 19 соңы мен 20 ғ. басында жоспарлы кiрпiштi құрылысқа әлеуметтiк және көлiк-өнеркәсiптiк мағынада сипаттамасы және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.