1915 жылы 2 тамызда Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Орыс. 7 сыныпты бітірген. Қызыл Армияда 1942 жылдың қаңтарынан бастап. 1942 жылдың сәуір айынан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 99-шы жеке саперлік бөлімше командирі (69-шы атқыштар дивизиясы, 65-ші армия, орталық Майдан)аға сержант Ильин 1943 жылы 15 қазанда Днепрден өту кезінде Лоев кенті (Гомель облысы) ауданында 3 атқыштар взводын оң жағалауға жөнелтті, жаудың көптеген қарсы шабуылдарын тойтаруға және басып алынған плацдармды ұстауға қатысты. Кеңес Одағының Батыры атағы 1943 жылы 30 қазанда берілді.
1946 жылы С.П. Ильин әскерден қайтарылды. Өзбекстанға оралды. 1960 жылы мелиорация техникумын бітірді. Зейнеткерлікке шыққанға дейін гидротехник болып жұмыс істеді. Ташкент қаласында тұрған. 1993 жылы 2 қарашада қайтыс болды. Ташкенттегі әскери зират батырларының аллеясында жерленген.
Ленин (30.10.1943), 1-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985) ордендерімен, медальдармен марапатталған.