Кiрпiш, бiрқабатты үйдi аң терiсiн алыпсатар көпес Измаилов Әбдiрашит арнайы дүкен жасауға тұрғызды. Дүкен және кiрпiш үй аралығында жер асты өтпе жол болды. Қоныс iшiне лабаз кiрдi(қойма ғимараттары, олар 1996 жылы қалпына келтiрiлiп, ресторан орналасты). 1917 жылдан кейiн ғимарат мемлекет меншiгiне айналды және әртүрлi кеңес мекемелерi орналасатын болды.
Ғимарат бiрқабатты, кiрпiштен салынған,сыланбаған. Терезелерi төртбұрышты, жақтаулы. Терезеде темiр торлар бар.
Ғимарат тұрғын және сауда үйлерiнiң жоспарлы кешенiне жататын ХХ ғ. басындағы шет аймақтық көпес қаласының үлгiсi және ол қаланың сәулет мұрасы болып табылады.