Осы жылдың наурыз айында Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтті. Ұлттық құрылтай – бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалатын, билік пен халықты байланыстыратын платформа. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда сөйлеген сөзінде мәдениет, тарих, руханиятқа қатысты біраз түйткілдерге тоқталды. Соның ішінде кітап оқитын ұлт қалыптастыруға ерекше назар аударды, кітапханалардың ұлттың мәдени мұрасын сақтаудағы маңыздылығын атады. Президентіміз кітапханашылардың алдағы жұмыс бағытын айқындап берді десе де болады.
Мемлекет басшысы кітап оқу мәселесін алғаш рет 2020 жылы Ұлттық сенім кеңесінің отырысында көтеріп, онда кітапханалардың өскелең ұрпақтың тәрбиесіндегі рөліне тоқталған. 2021 жыл жастар мен балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру үшін балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып бекітіліп, балалар әдебиетінің басылымы артты.
Осы бағытта өңір кітапханаларында да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Балалар кішкентайынан Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың оқырманы бола алатынын айтқысы келеді. Оларға арнап балалар әдебиетінің қоры құрылып, балалар бұрыштары ашылған.
Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Президент кітапханалардың қорын кеңейтіп, жас ұрпақтың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, смартфондардың кітаптың орнын алмастыра алмайтынын айтты. Оның сөзінше, тек оқитын ұлт қана шын мәнінде интеллектуалды елге айналады. Бүгінде облыс кітапханаларының қоры 4 миллионнан асады.
Құрылтайда Президент өткен ғасырдың аяғында жіберілген қатепікті түзету керектігін айтты: «Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық». Өкінішке қарай, осының салдарынан өңірде 300 кітапхана жабылып қалған. Жағдайды реттеу үшін кешенді шаралар жүргізу керек. Мәсепен, бүгінде Мағжан Жұмабаев, Мамлют аудандарында ауылдық кітапханалар жөнделуде, биыл Тайынша ауданында модельді ауылдық кітапханалар ашу жоспарда бар.
Президент атап өткендей, кітапхана – ұлттың рухани жадының сақтаушысы. Онда тарихымызға қатысты құнды материалдар жинақталған. Сондықтан да балалар мен ересектөр ғаламтордағы мәнсіз контенттің тұтынушысына айналмай, кітап оқуы керек. Біз шын мәнінде оқитын, интеллектуалды ұлт боламыз десек, бұл жолдың басында кітап тұрғанын ұмытпауымыз керек. «Кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деді Президент.
Кітап – оқырманға қолжетімді болу керек. Былтырғы ұлттық құрылтайда елде басқа елдердің үлгісімен тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар салу жайы сөз болды. Алдағы уақытта Астана, Алматы қалаларында үзіліссіз жұмыс істейтін керемет ғимараттар бой көтереді. Біз бұл бастаманы қолдаймыз.
Кітапхана – ғылымның орталығы. Сондықтан да ол қолайлы, әдемі, заманауи болуы керек. Алматыда жастарға арналған заманауи кітапханалар бар. Алматыда болған біздің бірқатар әріптестеріміз олардың оң тәжірибесін жұмыс барысында пайдаланып келеді.
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана өңірдегі 318 кітапхананың әдістемелік орталығы саналады. Кітапхана қоры 700 мың кітаптан асады. 45 мың оқырманымыздың 23 594-і – жастар. Мәдени орын адамдарға кездесулер өткізіп, пікір алмасып, өз-өзін жетілдіретін алаңға айналды. Кітапханадағы заманауи орындар, компьютерлер, ғаламтор, робототехника, виртуалды әлем, әлемдік бестселлердің бәрі келушілерге қолжетімді. Сәбит Мұқанов атындағы кітапхана «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» атағын 2014 жылдан бері иеленіп келеді.
Президенттің бұл салаға көңіл бөлуі, кітапхана ісін дамыту үшін жолдаған ұсыныстары елдегі кітапханалардың жұмысын жандандырып, әлемдік стандарттармен теңесуге септеседі. Кітап оқу кең қанат жайған сайын қоғамдық құндылықтар беки түседі. Біз бұл бағыттағы жаңа идеялар мен өзгерістерді қашанда қолдаймыз.
Солтүстікқазақстандық кітапханалар ТМД елдері мен алыс шетелдегі әріптестердің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа стандарттардың деңгейіне жетуге тырысып жатыр. Заманмен бірге өзгеріп, заманауи және сұранысқа ие болып келеміз. Бүгінде біз кітапханалар мәдени өзгерістердің бір бөлігіне айналып, оқырмандар саны артып, саладағы жұмыстар жанданған ерекше уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бүгінде Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана өңірдегі интеллектуалдық коммуникация мен мәдени алыс-берістің орталығына айналып, түрлі бағыттағы қорларды жинақтап, әр санаттағы оқырманға қызмет көрсетіп келеді. Бұның бәрі Қызылжардың интеллектуалды әлеуетін арттырып, ғылым, мәдениет, кәсіпкерлік және басқа салалардың дамуына әсер етуде.
Кітап туралы айтқан сөзінде Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін жариялау туралы ойды да қолдады: «Мен олардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу». Кітапхана – адамға жүйелі білім мен ақпарат, қарымқатынас пен даму мүмкіндігін бере алатын жалғыз әлеуметтік-мәдени мекеме. Бұның бәрі халыққа қолжетімді екенін айта кеткен жөн. Елде Ұлттық кітап күнін бекіту туралы ұсыныс осы саладағы жандардың көңілінен шыққаны анық. Бұл біз үшін жастардың кітапқа деген махаббатын оятып, оларды білім, ғылым, әдебиет, төл мәдениетіміз бен тарихымызға қызықтырудың тағы бір мүмкіндігіне айналмақ. Жастармен жұмыс істеудегі кітапханалардың басты міндеті – кітап оқу арқылы жан-жақты дамыған, білімді, әлеуметтік белсенді, ақпараттық кеңістікте бағытынан жаңылмайтын тұлға қалыптастыру. Мамандық таңдау, отбасын құру, өмір салтын ұстануда жол көрсету де осыған жатады.
Ұлттық кітап күніне орай облыс кітапханалары «Кітап – ұлт қазынасы» ғылыми конференциясын, «Мәңгіліктің үні: Қазақстанның әдеби ескерткіштері» көрмесін, кітап фестивалдарын, акциялар мен өзге де шараларды ұйымдастыра алады.
Біз жұртшылыққа кітапты насихаттау ерікті түрде әрі барлық жастағылар үшін кезең-кезеңімен жүргізілу керек деп санаймыз. 2019 жылдан бері біздің кітапханамыз «Оқырманы озық өлке – Лучший читающий регион» республикалық байқауында жеңіске жетіп, бұл атақты осы күнге дейін иеленіп келеміз. Дәстүрлі әдістерден бөлек, жастар үшін қолайлы жаңа форматта жұмыс істеу керек. Кітап оқуды интернет кеңістікте дамытудың берері мол. Қазіргі жастарды телефондар мен планшеттерсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан жақсы туындылардың цифрлық форматта қолжетімді болуы маңызды. Осы мақсатта кітапхана «Qyzylzhar кітапханасы» мобильді қосымшасын іске қосты. Кез келген операциялық жүйеде жұмыс істейтін қосымшадан қызылжарлық ақын-жазушылардың шығармаларын жүктеуге болады. Бүгінде әлеуметтік желілерде жазылушысы көп адамның қоғамдағы беделі де жоғары. Сондықтан кітап оқуды насихаттау үшін «ҒасеЬоок», «ВКонтакте», «Instagram», «Тelegram», «Яндекс.Дзен», «izi.ТRAVEL», «Үоu ТuЬе» желілерінде парақшалар ашылып, онда күндепікті ақпарат таратылады, еліміздің және өңіріміздің белгілі адамдары туралы тікепей эфирлер жүргізіледі. Кітапхананың өзінде де әр күн сайын түрлі тақырыптағы іс-шаралар үзбей ұйымдастырылып тұрады.
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана ұжымы әлемдік үздік кітапханалардың деңгейіне жетіп, заманмен бірге адымдау үшін жұмыс істеп жатыр. Кітапхана ісі алға басқан қоғамда бейбітшілік орнап, адами құндылықтар жоғары сатыға көтеріліп, әлеуметтік мәселер де оң шешіледі.
Бейбітгүл ӘБІЛМӘЖІНОВА,
Сәбит Мұқанов атындағы
облыстық ғылыми-әмбебап
кітапхананың директоры,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Әбілмәжінова Б. Ұлт жадының сақтаушысы // Солтүстік Қазақстан.-2024.-18сәуір.-9 б.