Атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана «КММ С. Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы»ММ
Биыл өңір тұрғындарының төрінде көкжәшіктің күмбірі естіліп, тұңғыш рат жергілікті жерден хабар таратыла бастағанына 60 жыл. «Qyzyljar» арнасы аймақтық телестудиялар арасында алғашқылардың қатарында ашылған болатым. Елімізде қазақ телевизиясының дамуына теңдессіз үлес қосқан тұлғалар аз емес. Солардың ішінде Қазақ КСР Мимистрлер Кеңесінің Телевизия және радиохабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінің торағасы болғам солтүстіктің тумасы Кенжеболат Шалабаевтың еңбегі зор. Кенжеболат Нұртазаұлы қызмет жолын биыл алғашқы саны жарық көргеніне бір ғасыр толып отырғам «Soltustik Qazaqstan» газетінде бастағанын да айта кеткен жөн. Газет оқырмандарына белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Құдайберген Тұрсынның атақты жерлесіміз туралы жазған мақаласын ұсынып отырмыз.
Қоғамның көзі мен құлағына, үні мен тіліне айналған «көгілдір экранның» балапан қанатының қатайып, еңсесін тіктеуіне өзінің бар қабілет-қарымын жұмсаған, бойына тектілік ұясын салған тұлға- Кенжеболат Шалабаев. Ол 1921 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының отты жылдарыңда оқ пен оттың, өмір мон өлімнің арпалысын басынан өткізіп, елге оралған сон, енбек жолын баспасөз саласындағы қызметтен бастады. Солтүстк Казахстан облыстық «Ленин туы» (қазіргі «Soltustik Qazaqstan) газетіңде тілшілік жолдан өтті. «Сол жылдардың кезінде ел арасында үлкен сымқұрметке ие болған «төрт ауылдың», кейіннен «Солтүстік Қазақстанның Конжеболаты» атанғам Кенжекеңін бойындағы ерекше қасиеттері – кеңдігі, адалдығы, кішіпейілдігі. Еш уақытта тасу двгенді білмейтін. Өзін мадақтағанды жек көретін, көкірек керіп мен ондаймын, мен мұндаймын деген қылықтары мүлде болмаған»,-дейді Мақтай Сағдиев өз естелігнде. Жиырма бес жасында «ел қамын жеген азаматтың қазағынан орысы басым өлкеде тал бойына сыпайылық пен қара-пайымдылықты қатар қондырып, бір аймақтың «төресіне» айналуы елге, ортаға үлгі етер міннездерінң көптігінен болар-ау ! Ол да бір ел өміріндегі ауыр кезең еді ғой. Қазақ көгіне күн болып шығуды мақсат еткен Кенжекең газет арқылы елдің ойын оятып, санасын сілкінтуге көп күш-жігерін жұмсады.
Сол кезеңде білімді және сауатты кадрлық құрамның аздығы өмірдің барлық саласында байқалып тұрды. Іскерлік қабілеті мол, әскери өмірдің қатал мектебінен өткен Кенжеболат Нұртазаұлын Қазақстан Компартиясының орталық комитеті жауапты қызметке шақырды. 1953-1962 жж. Кенжеболат Шалабаев партияныың орталық комитетінде нұсқаушы, баспасөз секторының меңгерушісі, үгіт және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін адал атқарды. Сол кезеңдегі ұлттық баспасөз қадрлары құрамының теориялық және практикалық тәжірибесінің төмендігі мен газет-журналдар түрлерінің аздығы әрі тохникалық жарақтандыру сапасындағы олқылықтарды жою бағытындағы салалы жұмыстарды жүзеге асыру ісінде жас маман уақытпен санаспай еңбек етті.
Алматы студиясы, кейін Қазақ телевизиясы атанғаи «телеөнер» ордасының алғашқы жылдары шама деңгейі өз мұмкіндігінен әлдеқайда төмен болатын. Оған себеп, алдымен осы істегі тәжірибелі маман қадрлық құрамның аздығы болса, екіншіден, студияның техникалық жарақтандырылуы тіпті де сын көтермейтін. Өнердің жаңа түріне кадрлар даярлау мәселесі де көзден таса, көңілден, сырт қалған. Оған қоса басшылықтағы тұлғалардың босаңдығы да идеологияның осы саласын алғыр, мінезді кадрлармен ширату қажеттігін талап етті де, таңдау Кенжеболат Нұртазаұлына түсті «Қамал алатын» қырық жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Телевизия және радиохабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы кызметіне келгеннен кейінгі жеті жыл отандық, телевизияның «өсу, өркендеу, ширығу, шарыкта» жылдары болып телевизия тарихына «алптын әріптермен» енді. «Созақтың Сүлейменові» атанған Асқар «Зады айқасқа ат мініп, тізгін ұстағынның замана ағымына қарсы жүзуі, әсіресе, біздің әдеуметтік системада қиынға соққан, соға беруі де бек мүмкін. Ұлт пен жұртқа аса мүдделі идеямұраттарды қалың қауымға жеткізбек тұлға «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген формуланы ұстанған. Сондықтан Ілекең, Ілияс Омаров, Кенжеболат Шалабаев және Әнуарбек Шманов есімдері ойға оралады…» деп жазған.

Комитетке төраға келгөн 1962 жылдан бастап телеэкрандағы жұмыс үрдісі басқаша сипат алдм. Бірінші кезекте мекемедегі «радио және телевизия» деп басталатын бұрынғы атау «телевизия және радиохабарлары жөніндегі мем-лекеттік комитет» болып өзгерді. Осы өзгерістен кейін «телевизияға» ерекше мән беріліп, оның қоғамдағы маңызы алдыңғы орынға шықты. Кенжеболат Нұртазаұлының тұсында телебағдарламаларды беру уақыты таңғы сағат 9-дан түнгі 24-ке дейін ұзартылды. Ал осы мерзім аралығындағы берілетін хабар, концерттердің қазақшасын 50, орысшасын 50 пайыз етіп белгілеген де Кенжекең болатын. Бұл сол кезең үшін телевизия тарихындағы үлкен жеңіс әрі ұлтым сүйген ердің батыл қадамы еді. Идеологияның қуатты қос қаруының тетігін қолына ұстаған тұлға өзі өмір сүріп отырған қоғаммың көкейтесті мәселелерін көтеріп, оған дер кезінде үн қосып, уақыттан оза оты-руды өмірінің кредосы етіп ұстанды. Ол өзіне дейінгі теледидарда бар игі дәстүрлерді жалғастыра отырып, әйтсе де экрандағы туындылардан эстетикалық құбылыстардың озығы мен тозығын салыстыра әрі саралай зерттеді. Себебі, көрерменнің сеніміне селкеу түсірмес үшін телередакторлар шығармаларынан олардың диалектикалық өсу эволюцияларын іздеді. Экрандағы «жеке дарын» қайталанбас, қайта тумас пенде екеніне көзін жеткізіп, теледидар төренде келісті келбет, сұлу мүсін, сұңғыла шешен, өрнекті тіл, толымды ой, мазмұнды әңгіме тиегін ағыл-тегіл ағытатын, қара сөздің нағыз аймаңдай хас шеберлері керек деген түйнді ойға табам тіреді. Сол кезде телестудияда негізнен радиода істеп, тәжірибе жинақтаған, қолдарынан жазу келетін газет-журнал қызметкерлері, театр, кино саласында істеген мамаңдар болатын. Оған қоса, университеттің журналистика бөлімшесінің жас түлектері де ат басын студияға бұра бастаған шақ. Алматы студиясының тұңғыш директоры Х. Абылғазин іскер әрі талапшыл болатын. Осы кезеңде студияда бас редактор Жаппар Өмірбеков жаңалықтар редакциясының бас редакторы Қадыр Дәуітов, диктор әрі комментатор Совет Мазғұтов, тележурналистер Дүйсенбок Қанатбаев, Жарылқасын Нұсқабаев, Георгий Нечунаев, Игорь Саввин, Николай Чирков, Надя Белканова, Болат Ғабитов, бас режиссер Саларғали Шәрілов және т.б. еңбек ететін. Дикторлар тобындағы қарасам көз тоятын, көңілің марқаятын Зұлхия Жұматова, Нелли Омарова, Ләзиза Аймашева, Ләскер Сейітов, Мәриям Айымбетова, Қажы Қорғанов. Тыныс Өтебаев, Алефтина Попова, Лидия Тюльменколар экранның көрермен ынтыға күтетін «нағыз жұлдыздарына» айналған шақ еді.
Телеэкрандағы өмір жолдарын алпысыншы-жетпісінші жылдары бастаған үркердей топ кейінгілердің биік белестерге шығуларына «көпір» болды. Олардың биіктігі және осы биіктің аласармауына бар қабілет-қарымымен қолдау көрсеткен де Кенжеболат Шалабаев болатын. Себебі, «өмірден оқығаны мен тоқығаны» көп «отызында орда бұзып», «қырқында қамал алған» басшы көрнекті ақын Н. Заболоцкийдің өлеңді ұстап тұратын үш таған бар, олар «Ой, Образ және Музыка» деген қағидасын күнделікті жұмыс барысында ұстап өткен адам. Теледидарда әлгі үш таған — «Редактор — Режиссер – Оператор». Редакторда идеядан басталған ой, тақырыпқа ұласып, одан сюжет не сценарий туындаса, ал режиссер редактордың ой-қиялындағы көмескі әлде көрнекті ойын құлпырта түрлендіріп, орын-орнымен жымдастыра, қиюластырса, оператор сценарийдегі ойды тірі көрініске айналдырып, оғам жан бітіретін кадрлады таңдап, сұрыптап түсіретін мамам. Міне, Кекжеболат Нұртазаұлы осы формуланы тұғыр етіп ұстанды да, өзі осымы телеэкранда күнделікті қатаң бақылауға алды.
Талап болған жерде, талғам, талғам болған жерде, мазмұнды, ойлы хабар бар. Соғыстағы қатал тәртіп айтқанды дер кезінде бұлжытпай орындау жастайынан қанына сіңген, әрі соған бейімделген Кенжекең телестудия қызметкерлерінің өз істеріне детен жауапкершіліктерін үнемі бақылап отырды. Телевизия мен радионы басқару үшін қыруар білім, басшыға соншама кең ой-өріс қажет болса, ал миллиондар алдына шығатын, биік мінберден жауапты сөздер сөйлейтін әрбір тұлғадан төраға да осы қасиеттерді талап етті. Әрбірінің экрандағы сөздің суреттегі бедерлі бейнеге кірігуі, ой жатықтығы оны аудиторияға талдап әрі талғап түсіндіруі жолындағы ізденістері басшыны қуантты, көрерменді ризашылыққа бөледі. Академик Зеймолла Қабдолов айтқандай, «суретті сөз немесе сөдегі суреттің болуын талап ете отырып, тележурналистердің ел мен жер көруін, өзгеде бар «ұтымды, ұтысты» тұстарын ала отырып, пайдаға жарату қажет екендігін де алысты көретін, байқампаз басшы есінен шығармады. Мәскеу мен Ереван,Тәшкент пен Душанбе, Фрунзе мен Баку сапарлары кезінде тележурналистер мен дикторлардың көргендері көп болды. Елге келгеннен кейін мұның пайдасы да мол және жаңа хабарларға тың пішін іздеу кезінде тигізген көмегі де жан-жақты болды.
Алпысыншы жылдары телевидение түгелдей студиялық хабарлар легіне толы болатын. «Хабар жазатын студиядағы жарықтың қуаттылығы соншалық, оған жұмыртқа пісіруге де болатындай еді. Дикторлар көзді қарықтыратын, шағылысқан жарықпен арпалыса отырып эфирге шығатын. Телевидение репертуары бірінші басшылардың студиядағы сөздері, студиядан берілетін концерттер және кинофильм көрсетулерден тұратын», – дейді қоғам қайраткері Ғаділбок Шалахметов. Алматы студиясында алғашқы рет 1963 жылдан бастап хрониканы үлдірікке түсіру басталды.
Қазақ толевизиясының самғау кезеңдерінің бір парағы Кенжеболат Шалабаев есімімен тығыз байланысты. 1965 жылы тұңғыш рет 5 сағаттық бағдарламамен бүкіл одақтық аренаға шығып, содан бастап жыл сайын 3 қазанда Мәскеуден тікелей хабар жүргізу дәстүрі Кенжеболат Нұртазаұлы кезінде жүзеге асты. Орталық телевизияның «Көгілдір от» залында Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Сабира Майқанова, Бибігүл Төлегенова сияқты өнер жұлдыздары, Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуанышбаев сынды ақсақалдарымыз бүкіл КСРО-ға насихатталып жатты. Мәскеуге әр сапарда түрлі саладан 45-50 адам барады: Бағдарламаларды қазақ және орыс тілдерінде Ләзиза Аймашева жүргізіп жүрді. Талап пен ізденістің нәтижесі болар, сол кезеңде Орта Азиядағы бес реслубликаның ішінде Қазақстанның еңсесі әрқашанда биік болды. Білімі шалқар, төжірибесі мол, қабілеті мықты, мінезі ізетті Кенжеболат Шалабаев қай шақта да өзгеге деген сыйластық пейілі мен құрметтеушілік сезімін еш төмендеткен емес. «Бәрі де пенде, өмірде қателеспейтін адам болмайды, тек жұмыс істемейтіндер, шөптің басын сындырмайтындар ғама қателеспеуі мүмкін», – дейтін де, алдына айыпты болып келген жанның қатесін түзеуіне мұрсат беретін. Өресі биік ой-қабілеті мен дарыны мықтыларға «өзіңіз білесіз ғой». – деп, ал төмендеулеріне «солай жасасаңыз калай болар екен?» – детендей салмақты өзіне салып, кішірейтпей, кісілігін көтере сөйлейтін әдетін көпшілік білейтін. «Өз басым, қызметкерімді екі жағдайда жұмыстан босатамын. Бірншіден, егер менімен қызмет істегісі келмесе. Екіншіден, қызметке өсіп кетсе. Ал басты принципім: помогать нужно талантам, а бездарные сами пробьются», – дейтін төраға. «Акылы дамалығын көркейтіп, білімі біліктілітін биіктетіп, парасаты пайымын толымды еткен» тәлімді басшының «талантқа жол ашамын» деген ұстанымынан қаншама жанның бағы жанды, жолдары ашылды.
Кенжекеңді одақтық телерадиокомитеттің басшылығы ғама емес, өзге республикалардың осы саладағы басшылары да сыйлап, қадірлейтін. «Сол кездегі Орта Азия елдерінің төрағалары жиналыс, есеп берулерде «Сіз сөйлеңіз», «Сіз айтыңыз», – деп алдарына ылғи Кенжекеңді салып отыратын. Бірде кеңестің бас идеологы Михаил Сусловтың алдында ұзақ сөйлегенінің куәгері болғандығым бар. Кенжекең оратор, шешене кісі по еді», – дейді сол кезең жайлы жан жары Л. Аймашева. Тереңнен ойлайтын салқынқанды, мықты психолог, жан-жақты білімді, кең пішілген, парасаты мол төрағаның өзгені жатсынбайтын, қашаннан сырласындай өзіне тартатын көпшіл мінезі аз ғана жылдар ішінде оның сыйлас достарын молайтты. Орта Азия республикалары арасында телевизия ужымдарынан бірінші категорияны алғашқы болып Қазақстан телерадиосы Кенжекеңнің тұсында алды. Кенжеболат Нұртазаұлы телерадиокомитетті басқарған жылдары радиода корей, ұйғыр, неміс редакциялары ашылыр, жұмысын бастады. Төрағаның тікелей араласуы әрі тынымсыз ізденісі нәтижесінде 1964 жылдың өзінде реслубликада 9 студия жұмыс істеді. Телевидениеде эстрадалық оркестр құрылып, сатиралық тележурнал, телевизиялық театрлар өз жұмысын бастады.
Кенжекең кейін Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының директоры, «Қазақфильм» киностудиясы директорының деректі кино жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Опера және балет театрының басшылығында болған жылдары ол Қызылжар өңіріне жиі-жиі келіп тұрды. Бұл тектінің туған топыраққа, жерлестеріне деген сағынышы мен іңкәрлігі болар-ау! Заман шежіресін жасау ісіне құлшына, құмарлана кіріскен шағында жаны жайсаң, алып жүрек 1976 жылы кенеттен соғуын тоқтатты. Мынау жалған фәни, қамшының сабындай қысқа өмірде, халқының тағы бір көкке өрлеген биік бәйтерегі кенеттен опырылып түсті. Ғұмыры үнемі «тазалық» пен «тектіліктің» биігінде өткен азаматтың артында замандастары айта жүретіндей, ал бүгінгі ұрпақ соны үлгі ететіндей «кісілігі» мен «жампоздығы» мәңгілікке қалды.
Құдайберген Тұрсын,
Филология ғылымдарының
Докторы, профессор.
____________________________________________________________________________________________________________________________
Тұрсын, Қ. Талантқа тағзым /Қ. Тұрсын //Солтүстік Қазақстан. – 2020. – 14 шілде. – 5б. (о бывшем председателе государственного Комитета Совета Министров Казахской ССР по телевидению и радиовещанию, уроженце а. Өрнек Есильского р-на СКО Кенжеболате Шалабаеве)