Әулие Петр және Павл апостолдарының шiркеуi аймақтық дәрежедегi тарихи, архитектуралық және мәдени ескерткiш болып табылады. Бұл Петропавл қаласында сақталған ескi ғимарат. «Подгора» шағын ауданындағы Коминтерна және Урицкий көшелерiнiң қиылысында орналасқан. 1950 жылға дейiн Покровский шiркеуi деп аталды. Шiркеу ең алғаш 1803 жылы салынып, 1812 жылы қиратылды, ал 1813 жылдың 22 қазаны күнi сол орынға қайтадан үш бөлiктi шiркеу кiрпiшi қаланды.
Негiзгi бөлiгi әулие Петр және Павл апостолдардың құрметiне, солтүстiк бөлiгi — Николай әулиеге және оңтүстiк бөлiгi Покров әулие Богородица құрметiне қойылған. Барлық бөлiктерi 1815, 1818, 1821 жылдары тазартылды. 1838 жылғы өрт кезiнде қоңырау қатты зақымдалды. Ол 1839 жылы алынып, орнына 1844 жылы шiркеуден бөлек, оны және дәлiздi қосып тұрған жаңа қоңырац орнатылды. Қоңырау құрылысы 1848 жылы аяқталды. Шiркеу тас қоршауы бар шойыннан жасалған тормен қоршалған. Бұл — Петропавл қаласының революцияға дейiнгi кезеңдегi ең әдемi шiркеулердiң бiрi. Бiрақ 1917 жыл келдi. Жаңа билiк қаладағы бес ғибадатхананы жойды, ал Покровский шiркеуiнiң крестерiн, күмбезiн алып тастап, икон белгiлерiн, крест, кiтаптар мен архивтi жойып жiбердi.
1938 жылдан 1946 жылға дейiн Покровский шiркеуi облыстық шаруашылық иелiгiнде болды. Бұл жерде нан, бәлiштер пiсiрiп, май өңдеуге арналған тұқымдар сақталды. Ал кейiн шiркеуде махорка шығарды. 1946 жылы Петропавл облыстық комитетi шiркеудi дiни қоғам өкiлдерiне тапсырды. Осы кезден бастап жөңдеу мен қайта реставрация жұмыстары басталып кеттi. Қайта жөңдеу жұмыстары кезiнде ғимарат жаман жағдайда болды. Қабырға жазуы қабат кiрдiң астында қалды. Орталық алтарьдан күмбезге дейiн алып құбыр тартылып тұрған. Никольский бөлiгiнде үлкен кiрпiш пеш орналасты. Шiркеуге қажетсiз заттардан арылуға және қайта жөңдеуге қала түрғындары ат салысты. Олар керек емес құрылыстарды алып, құрылыс қоқысын жойды.
1951 жылдың 27 тамызы күнi Алматылық және Қазақстандық архиеспископ Николай (Могилевский) храмды тазартып, шiркеуге «Әулие Петр және Павл шiркеуi» деген жаңа атау бердi.
2000 жылдан 2018 жылға дейiн ғимараттың сыртқы жағына қайтадан жөңдеу жұмыстары өткiзiлдi. Жаңадан титанмен қапталған күмбездерi мен крестерi ауыстырылды, қоңырау орналасқан жерге 2,5тонна, 1 т 300 кг және 9 кiшi жаңа күмбездер орнатылды. Шiркеудiң ең әулие заты болып 2012 жылдың 12 шiлдесi күнi Қазақстанның Православды шiркеуiнiң басшысы, Астана және Қазақстандық Митрополит Александр тапсырған әулие Петр және Павлға тиесiлi заттар болып табылады.