Қызылжарлық мешiтi қала құрылысы және сәулет өнерiнiң ескерткiшi (2005 жыл).
Сауд Арабиясының Корольдігіне ресми сапары кезінде осы нысанды тұрғызуға қайырымдылық көмек ретінде 2 миллион АҚШ доллары бөлінуіне Елбасының қол жеткізгендігі белгілі. Сонымен бірге қосымша 80 миллион теңге бөлінген. Сондықтан мешіттің Сауд Арабиясының Корольдігінің тақ мұрагері, ханзада Сұлтан бен Әбдел Азиз және Елбасымыз бөлген қаражатқа салынғандығы ғимараттың мандайшасында жазылған. Құрылыс 2001 жылы «Севгражданпроект» жобасы бойынша басталды.
Мешiттiң үш қабатты ғимараты, негiзiнде, сегiз қырлы жұлдызды еске түсiредi. Мешiт сары күйдiрiлген кiрпiштен жасалған. Ғимараттың негiзгi пiшiнiне қанық көк түстi бiр үлкен және төрт кiшкентай жартылай сфера тәрiздi күмбез кiредi. Негiзгi күмбездiң биiктiгi 28 метр, ал мешiттi сәндейтiн екi минарет 42 метрден.
Ғибадат ғимаратының безендірілуі сүйсіндіреді. Мешіттің қабырғасындағы Құран сүрелерінен келтірілген үзінділер мұсылмандықтың моншақтары тәрізді мөлдіреп тұр.
Мешітте бір мезгілде 750 адам мінәжат қыла алады. Мешіттің бірінші қабатында 200 орындық асхана бар. Оқу сыныптары мен кiтапхана бар.