«Тағылымы мол дарын»

2024 жылдың 24 сәуірі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы жерлесіміз Сәбит Мұқановтың туғанына 124 жыл толуына арналған «Тағылымы мол дарын» атты Мұқанов оқулары өтті (эфирге сілтеме). Тікелей эфирде белгілі жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің СҚО бойынша меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат қазақ…

Ұлт жадының сақтаушысы

Осы жылдың наурыз айында Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны өтті. Ұлттық құрылтай – бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалатын, билік пен халықты байланыстыратын платформа. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда сөйлеген сөзінде мәдениет, тарих, руханиятқа қатысты біраз түйткілдерге тоқталды. Соның ішінде кітап оқитын ұлт қалыптастыруға ерекше назар аударды, кітапханалардың ұлттың мәдени мұрасын сақтаудағы маңыздылығын атады. Президентіміз…

Сұрапыл соғыс қасіреті

Біз-соғысты көрмеген, бірақ та оның ызғары мен зардабын сезініп өскен ұрпақпыз. Адамзат тарихына қатысты шежіренің ең шерлі беттерінің бірі – екінші дүниежүзілік соғыс зұлматы артта қалса да, ақтаңдақтар әлі де жетерлік, Адамзат тарихында іріліуақты он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде құрбандары мен алапат ауқымы жөнінен ең жантүр-шігерлігі – екінші дүниежүзілік соғыс.…

Сен ыстықсың біздерге

Құйма құлақ, шежіре қариялардың айтулары бойынша Жамбыл ауданында орналасқан Октябрь ауылының тарихы әріден басталады. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары ұжымдастыру науқаны басталғанда осы төңірекке беделді де сыйлы азаматтардың бірі – Жанкісінің Нұрбайы әр жерде рулас ағайындар мен туған-туыстар болып қоныс тепкен ірілі-ұсақты ауылдарды (Қазалы, Қаратерек, Тоқта, т.б.) Нұрбай дөңінде біріктіріп, «Октябрь» ұжымшарына айналдырылған. Осынау игі іске…