Есләм Зікібаев

Биыл ерке Есілдің жағасында туып-өсіп, қалың оқырманын жырға сусындатқан ақын Есләм Зікібаевтың дүниеге келгеніне 90 жыл толып отыр. Өткен ғасырдың екінші жартысында әдебиетке келген буынның ішінде ерекше үнімен көрінген қаламгердің артында қалған мұрасы өлшеусіз. Оның берік шығармашылық ұстанымы, ойлы өлеңдері, сезімге толы шумақтары бүгінге дейін ел жадында. Ақын мерейтойына орай Есләм Зікібаевтың шығармашылық тұлғасын танытатын…

«Өмірге өкпем де, өкінішім де жоқ»

Сағындық Ақжігітовтің есімі өңірімізге жақсы таныс. Ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында, партия, кеңес органдарында қызмет істеген. Солтүстік Қазақстан облысының, Қызылжар ауданының құрметті азаматымен арадағы сыр-сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз. —Сәке, жас кезімізде тоқсанды айтпағанның өзінде жетпіс, сексен қайда, біз қайдамыз деп ойлаушы едік, қол жетпес шыңдай көрінетін, алып-ұшып оған да жеттік. Алып-ұшып деп отырғаным, бұрынғылардан қалған…

Қызылжар руханиятына із қалдырған ғалым

Қазақ руханияты мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, қарымды қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың есімі ғылыми ортада да, Қызылжар жұртшылығының жүрегінде де ерекше құрметпен аталады. Ол – тек зерттеуші ғана емес, ұлт тарихындағы ірі тұлғалардың рухани келбетін жаңаша танытқан тұлғатанушы, шәкірт тәрбиелеуді өмірлік мұрат…