Есләм Зікібаев

Биыл ерке Есілдің жағасында туып-өсіп, қалың оқырманын жырға сусындатқан ақын Есләм Зікібаевтың дүниеге келгеніне 90 жыл толып отыр. Өткен ғасырдың екінші жартысында әдебиетке келген буынның ішінде ерекше үнімен көрінген қаламгердің артында қалған мұрасы өлшеусіз. Оның берік шығармашылық ұстанымы, ойлы өлеңдері, сезімге толы шумақтары бүгінге дейін ел жадында. Ақын мерейтойына орай Есләм Зікібаевтың шығармашылық тұлғасын танытатын…

«Өмірге өкпем де, өкінішім де жоқ»

Сағындық Ақжігітовтің есімі өңірімізге жақсы таныс. Ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында, партия, кеңес органдарында қызмет істеген. Солтүстік Қазақстан облысының, Қызылжар ауданының құрметті азаматымен арадағы сыр-сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз. —Сәке, жас кезімізде тоқсанды айтпағанның өзінде жетпіс, сексен қайда, біз қайдамыз деп ойлаушы едік, қол жетпес шыңдай көрінетін, алып-ұшып оған да жеттік. Алып-ұшып деп отырғаным, бұрынғылардан қалған…

Қызылжар руханиятына із қалдырған ғалым

Қазақ руханияты мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, қарымды қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың есімі ғылыми ортада да, Қызылжар жұртшылығының жүрегінде де ерекше құрметпен аталады. Ол – тек зерттеуші ғана емес, ұлт тарихындағы ірі тұлғалардың рухани келбетін жаңаша танытқан тұлғатанушы, шәкірт тәрбиелеуді өмірлік мұрат…

Ақылман ақсақал

Адамның маңдайына жазылған ащылы-тұщылы ғұмырнамасы оның артында қалдырған ізгілікті ізінен, ел жадында сақталған өнегелі өткенінен танылса керек. Қандай жағдай орын алмасын халықтың қажетіне жарау – ең үлкен бақыт. Абыз қаламгер Әбіш Кекілбаевша айтсақ, «өмірдің мәні – оның ұзақтығында емес, мазмұнында». Топырағы құйқалы Қызылжар өңірінде елдің сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген, ғұмырын ғибратпен ерген жарқын тұлғалар, ақылман…

Қазақ өлеңінің Оқжетпесі

«Қазақ өлеңінің жезкиігі» атанған Кәкімбек Салықовпен көзі тірісінде телефон арқылы жиі хабарласып тұрдым. 2012 жылы Астанадағы Ұлттық кітапханада өтетін шығармашылық кешіме шақырғанымда сырқаттанып жүргенін айтып, игі тілегін білдірген еді. Шал ақын ауданы туралы кітап жазуды қолға алғанымда бірден Кәкімбек ағаның туған ауылына баруды жөн санадым. Еңбек деп аталатын шағын елді мекен аудан орталығына алыс емес…

Смағұл Сәдуақасұлы

Алаш қайраткерлерінің осыдан бір ғасыр бұрын атқарған істері қазір өз жемісін беріп жатқандай, ал айтқан сөздері әлі өзектілігін жойған жоқ. Мәселен, сол кезде Омбыда оқып жүрген Смағұл Сәдуақасұлының ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру туралы идеясы қазір ауылдарды сақтап қалудың бір жолы ретінде ұсынылуда. Жаңа әрі әділетті Қазақстан құрып жатқан біздің билік Алаштың арда ұлының ескі мен…

Әдебиет әлеміндегі қолтаңба

Қай қаламгер болмасын, ол ең алдымен – өз дәуірінің, өз ортасының перзенті. Жазған шығармасының арқауы да сол заманның шындығы болмақ. Ол халқының мәдени, рухани өмірінің болмысын сол уақыт үрдісімен бағалайды, суреттейді. Ешбір ақын да, жазушы да болашаққа арнап немесе келер күннің еншісіне лайықтап шығарма жазып қалдырмайды. Келер ұрпақ өзіне керегін өткен күннің шындығынан алады. Белгілі…

«Бостандық туы» және Мағжан

Ұлт баспасөзі тарихын зерделеп-зерттеген профессор Қайыржан Бекхожин әу баста «Бостандық туы» газеті «Кедей сөзі» деген атпен 1920 жылдың ақпанында Омбы шаһарында түлеп ұшты деп жазады. 2-ші нөміріндегі бас мақала «Теңдік» деп аталған-ды («Қазақтың үстіндегі қара тұман айығып, жадырап жарқын күн туады. Кемдік кетіп, теңдік жетеді. Құл емес, ұл боламыз» дейтін ұран сөздер бар). Сонымен қатар…

Аға алақанының жылуы

Туған жер, өскен орта дегенде ойымызға алғашқы болып не оралады? Әрине, ананың аяулы алақаны, қара қазанның қайнауы, қара шаңырақтағы тіршіліктің жайнауы. Тай құлындай тебіскен замандастарың. Қимас достарың. Сондай-ақ тау тұлға болған ағалардың жүрек жылуы. Барлығымыз өсіп, тағдырдың тізгінін өз қолымызға аламыз да туған өлкемізден алшақтап алысқа кетеміз. Өз басым туған жерден — Солтүстік Қазақстан облысындағы…

Алаш атын ардақтаған

Өзіміз ғасырлар тоғысы деп атап жүрген 2000 жылдың қоңыр күзінде – жаңа оқу жылы басталып жатқан кезде «Қызылжардағы педагогикалық институтқа Қарағандыдан жаңа оқытушы келіпті» деген хабар тарады. Басқаларды білмеймін, көрмесем де, танымасам да өзім қуанып қалдым. Оның себебі облыстық телеарнада «Ойтолқын» деген авторлық бағдарлама жүргізуші едім. Ашуын ашсам да қатты қиналып жүрдім. Өйткені ол кезде…