Ақылман ақсақал

Адамның маңдайына жазылған ащылы-тұщылы ғұмырнамасы оның артында қалдырған ізгілікті ізінен, ел жадында сақталған өнегелі өткенінен танылса керек. Қандай жағдай орын алмасын халықтың қажетіне жарау – ең үлкен бақыт. Абыз қаламгер Әбіш Кекілбаевша айтсақ, «өмірдің мәні – оның ұзақтығында емес, мазмұнында». Топырағы құйқалы Қызылжар өңірінде елдің сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген, ғұмырын ғибратпен ерген жарқын тұлғалар, ақылман…

Қазақ өлеңінің Оқжетпесі

«Қазақ өлеңінің жезкиігі» атанған Кәкімбек Салықовпен көзі тірісінде телефон арқылы жиі хабарласып тұрдым. 2012 жылы Астанадағы Ұлттық кітапханада өтетін шығармашылық кешіме шақырғанымда сырқаттанып жүргенін айтып, игі тілегін білдірген еді. Шал ақын ауданы туралы кітап жазуды қолға алғанымда бірден Кәкімбек ағаның туған ауылына баруды жөн санадым. Еңбек деп аталатын шағын елді мекен аудан орталығына алыс емес…

Смағұл Сәдуақасұлы

Алаш қайраткерлерінің осыдан бір ғасыр бұрын атқарған істері қазір өз жемісін беріп жатқандай, ал айтқан сөздері әлі өзектілігін жойған жоқ. Мәселен, сол кезде Омбыда оқып жүрген Смағұл Сәдуақасұлының ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру туралы идеясы қазір ауылдарды сақтап қалудың бір жолы ретінде ұсынылуда. Жаңа әрі әділетті Қазақстан құрып жатқан біздің билік Алаштың арда ұлының ескі мен…

Әдебиет әлеміндегі қолтаңба

Қай қаламгер болмасын, ол ең алдымен – өз дәуірінің, өз ортасының перзенті. Жазған шығармасының арқауы да сол заманның шындығы болмақ. Ол халқының мәдени, рухани өмірінің болмысын сол уақыт үрдісімен бағалайды, суреттейді. Ешбір ақын да, жазушы да болашаққа арнап немесе келер күннің еншісіне лайықтап шығарма жазып қалдырмайды. Келер ұрпақ өзіне керегін өткен күннің шындығынан алады. Белгілі…

«Бостандық туы» және Мағжан

Ұлт баспасөзі тарихын зерделеп-зерттеген профессор Қайыржан Бекхожин әу баста «Бостандық туы» газеті «Кедей сөзі» деген атпен 1920 жылдың ақпанында Омбы шаһарында түлеп ұшты деп жазады. 2-ші нөміріндегі бас мақала «Теңдік» деп аталған-ды («Қазақтың үстіндегі қара тұман айығып, жадырап жарқын күн туады. Кемдік кетіп, теңдік жетеді. Құл емес, ұл боламыз» дейтін ұран сөздер бар). Сонымен қатар…