Есіл бойындағы ескі шаһар Ақтау қалашығы туралы не білесіз?
Ақтау – Петропавл қаласының солтүстік-шығысына қарай 5-6 шақырым жерде, қазіргі Солнечный шағынауданының төңірегінде, Есіл өзені бойының биік жарқабағында орналасқан тарихи-археологиялық кешен. 1972 жылдары Петропавл педагогикалық институтының және облыстық өлкетану музейінің біріккен археологиялық экспедициясы тарих ғылымдарының кандидаты Марал Хабдуллинаның басшылық етуімен сол жерде қазба жұмыстарын жүргізген. Тарихи кешен қазба жұмыстары кезінде толығымен зерттеліп, бұрынғы сүлбесінің қалпы…