Еңбегі ерен тұлға

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана «Туған жер» жобасы аясында Уәлиханов ауданының орталығы – Кішкенекөл ауылындағы бір көшеге өңіріміздің білім беру саласына өлшеусіз үлес қосқан белгілі педагог Нұрмақ Жүнісовтің есімі берілді. Сондай-ақ аудан орталығында ұстаздың құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Нұрмақ Жүнісұлы саналы ғұмырын ауданның дамуына арнады. Кішкенекөлден шалғайда орналасқан елді мекендерде мектептер салып, ағарту…

Бостандықтың боздақтары

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Мамлют ауданындағы Бостандық ауылының құрылғанына биыл 90 жыл толады. Осы мерейлі күн қарсаңында елін, жерін қан майданда жаудан қорғаған ардақты аталарымыз мен әкелерімізді, тылда еңбек еткен аналарымыз бен әжелерімді еске алуды ұйғардым.  Өткен ғасырдың басындағы аштық пен күштеп ұжымдастыруды, қуғын-сүргінді қаншама басынан кешірсе де, ауылдастарымыз болашаққа үлкен үмітпен…

Менің Әуезовім

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана (Басы өткен санда). * * * Кеше Тәшкентке келген бетте бізді ресми адамдармен бірге әуежайдан Айбек қарсы алып, үйіне апарды.  Қонақасы берді.  – Мейманханада орындарыңыз дайын ғой, біздің үйден шығып барарсыздар, Мұха! Мен сізді сағындым,-деді Айбек.  Өзбектің бас қаламгері, өздері «Біздің Әуезовіміз» ден мақтан тұтатын атақты академик-жазушы Айбек…

Менің Әуезовім

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Тәшкент думандатып жатты. Науаи театрының алдында ала шапанды үш өзбек: үшеуінің қолында да ұзындығы үш метрден үш керней, үрлейтін ернеуін еріндеріне тигізсе болғаны, құлақ тұндыра қаңқылдап, төңірегін даң-дұң дүрліктіре сілкінтіп әкетеді.  Күз аспаны бұлтсыз, таза. Күн көтеріліп, сәскеге таянған. Мезгіл қазан айы болса да, Науаи театры мен «Тәшкент»…

Ғалым Малдыбаевтың «Қырым қызы» кітабының тұсаукесері

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана 2022 жылғы 3 маусым күні С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы, журналист, белгілі қоғам қайраткері Ғалым Малдыбаевтың туғанына 120 – жыл толуына орай, «Қырым қызы» кітабының тұсаукесері өтті. «Қырым қызы» кітабының тұсауын Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Сақтағанұлы,…

Сағынышпен еске алды

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Социал Жұмабаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Ұстаз. Журналист. Өлкетанушы» атты еске алу кеші өтті.  Социал Жұмабаев Жамбыл ауданындағы Молалы деген ауылда дүниеге келген. Баян орта мектебін тамамдағаннан кейін Оңтүстік астанамыз – Алматыдағы іргелі оқу орны Абай атындағы педагогикалық институтқа оқуға түседі. Көзі тірісінде Қазақ…

Менің Әуезовім

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана (Басы өткен сандарда).  Жағалауда көл мен тауды қызықтап біраз сайрандағаннан кейін, ымырт үйіріле асханаға кірдік.  Адамдар сирек қатынайтын болғандықтан, бұл арадағы шаруашылық қожасының қарамағындағы еңбеккерлер де көп емес, бірен-саран ғана. Асханада аспаз маңында – екі әйел, бір даяшы қыз. Бізді есік ашып, қол қусырып қарсы алған осы қыз…

Тар жол мен тауқыметтің тартқан бәрін, ғұмыры ғибратты, дастан-дарын! Сөз зергері

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Өлкелік партия комитетінің шешімі бойынша Баянауылда «Ленин туы» атты тұңғыш рет жас газет-жаңа газет шығатын боп жатқан қуанышты кез. 1931 жылдың күзі. Редактор болып Ғалым Малдыбаев келді. Интернатты мектепте үш жыл бойы директор болып істейтін мені аудандық партия комитеті Ғалым редактор болып келерден бір ай бұрын осы «Ленин…

Мәңгілік сағынышым

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Әкем Ғалым Малдыбаев – саналы ғұмырын қазақ журналистикасы мен әдебиетіне арнаған жан. Ол өзінің «Өмірден ертегі» атты хикаятында туғанынан шешесінен жетім қалып, байдың есігінде күн кешіп, қозы баққанын, көп қиянат көргенін баяндайды. Жасынан таршылық пен жоқшылықтың зардабын тартқан әкем талапкерлігі, мақсатшылдығының арқасында талай жетістікке жеткені көбімізге аян. Молдадан…

Ақынның тілдік тұлғасы

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Алыптардың ізін басып, олармен бірге халық мұңын, халық қуанышын жырлап, шабыт туын көтерген ақын-жазушылардың ортасында Ғалым Рахметұлы Малдыбаев болды. Ақын шығармашылық өмірінде көркем әдебиеттің әр саласына араласып, туған әдебиетіміздің барша жанрының дамуына сеп тигізіп, атсалысқан. Атап айтқанда, алғаш әдебиетке қысқа өлеңдермен келген ол поэма жанрын меңгере жүре, драмалық…