Ұлтының біртуар перзенті

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Мағжан Жұмабаевтың жазбаларында «Адам естелігінде кім болып қаламын, қашан мүлдем жоғаламын?», – деген сөз бар. Қиын тағдырды бастан өткерген жанның сөзі. Талантты да, талапты жан өзінің шығармашылық құдіретіне сенімді еді, бірақ заманын билеген кеңестік жүйеге ақынның көзқарасы ұнамады. Сұрқия саясаттың салдарынан өзінің қазақ халқы үшін асқар тұлға болатынын…

Сафуан мен Зейнел-Ғаби

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Жазушылар арасындағы текетірес пен пендешілікті көргенде, өмірден өткен аға жазушылардың өнегелі жолын, өскелең жасқа құрметін, өнер киесіне адалдығын еріксіз еске аласың. Соның бірі – Сафуан мен Зейнел-Ғабидың сыйластығы. Бір өңірдің тумасы болғанынан емес, бір өмірдің, бір арманның жыршылары болғанынан да шығар, қос қаламгер бір құс қанатындай қатар самғады.…

Айыртау – асыл аймақ арқадағы

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Қызылжар өңірінің жауһары атанған, туризм саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының әлеуеті жоғары ондығына кірген Имантау-Шалқар курорттық аумағы демалушыларды қарсы алуға әзір. Бауыры жасыл қарағаймен қымталып, айналасы аққайыңдармен көмкерілген айдын көлдер маңында 42 туризм нысаны бар. Танымдық демалысты таңдайтындар тарихи-мәдени және табиғи нысандарды аралай алады.  Имантау-Шалқар аймағы Айыртау ауданында орналасқан.…

Бабалар рухына бас иді

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыс орталығындағы Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған шараға өңір басшысы Айдарбек Сапаров пен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары, әскери сала ардагерлері мен жастар қатысты.  Салтанатты шара қатысушылары ескерткішке лек-легімен келіп, гүл қойып, тағзым етті.…

Мың тағзым саған, майдангер!

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Жеңіс күніне орай өңір басшысы Айдарбек Сапаров қалада тұрып жатқан соғыс ардагерлері – Қожатай Некібаев пен Иван Клименконың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан майдангерлердің бүгінде жетеуінің көзі тірі. Мерекеге орай қарт жауынгерлермен жүздескен облыс әкімі олардың ел басына күн туған сәтте халыққа…

Сарғайған хаттар

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысты сан алуан деректер бар. ХХ ғасырдағы ең қасіретті, зұлмат соғысты суреттейтін ресми құжаттардан басқа, майдан тарихын зерттеуде маңызды мәліметтердің бірі – жеке адамдардың майданнан тылға, тылдан майданға жазған хаттары. Олардың ішінде Кеңес одағының батырлары мен қатардағы жауынгерлерден келіп…

Ерте есейткен уақыт

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Айтарым көп сияқты көрінгенімен, жасым 90-нан асқаннан кейін бе, біразы көрген түстей жадымда көмескілене бастапты. Бұғанамыз қатпай жатып еңбекке араластық, ерте есейдік. Неміс басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашып, ел басына ауыр күн туғанда мектеп оқушысы едік. Тұлымшағымыз желбіреп, құлынтайдай асыр салып ойнаудың орнына үлкендермен бірге ұжымшардың жұмысына жегілдік. Таң…

Қамқорлық құшағында

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Адамзат баласына ауыр қасірет шектірген сұм соғыстың тигізген зардабын ақын Сырбай Мәуленов: «Қанша үйдің ұрлап адамын, қанша үйде сөніп қалды оттар», – деп өрілетін өлеңінің екі жолына сыйғызған ғой. Қанды зұлматтың жүректерге жазылмас жара салған зардабына ой жүгірткен сайын осы жылы жетпіс сегізінші рет қарсы алып отырған Жеңіс…

Тікелей эфир. Онлайн жоба «Бірге оқимыз». Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы туралы

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Тікелей эфир. Онлайн жоба «Бірге оқимыз». Назарбаев зияткерлік мектебінің 2 В сынып оқушысы Қабдуали Аяулым Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы туралы.#БиблиотекаимСМуканова#ЛучшаяБиблиотекаРК#СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг#ПарасатЖолы#Мейкерспейс#Информация#Чтение#Книги

«Мағжан және ұлттық болмыс». Ғылыми-танымдық семинар

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана 30 наурыз күні кітапханада даңқты жерлесіміз, ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы аясында ҚР Ұлттық ұланы академиясымен бірлесе «Мағжан және ұлттық болмыс» тақырыбына ғылыми-танымдық іс-шара өтті. Іс-шарада полковник Архат Тәттімбетов, Академияның Тілдік дайындық кафедрасының бастығы, майор Ақмарал Сәркенқызы сөз сөйлеп, Мағжан Жұмабаевтың жай ғана ақын емес, ұлт…