Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Ақжар ауданы
Ақжар орталық аудандық кітапханасында

Ақжар орталық аудандық кітапханасында Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, халықтың санасына жалпыұлттық киелі орындар ұғымын сіңіру бағыты атты онлайн кездесу өтті. Сондай-ақ Республика көлемінде жүріп жатқан «Рухани жаңғыру» аясында «Қасиетті Қазақстан» этно-мәдени экспедициясының Ақжар ауданы бойынша зерттелінді және жаңғыртылған киелі нысандарына арналған «Ақжар ауданында киелі жерлері» атты оқырмандарға виртуалды саяхат жасалынды.
Осы онлайн саяхатта «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы М.Р.Жүсупбеков және «Nur Otan» партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.М. Киккариновадан сұхбат алынды.
Оқырмандарға өлкеміздің жалпыұлттық мәні бар және жергілікті маңызды киелі орындарының атауымен таныстырылып, сол киелі жерлер жайлы және өз елінің, өз өлкесінің тарихы жайында таныстырылды. «Мен өз еліммен мақтанам» деп өздерінің ерікті ойларымен бөлісті. Кездесуде туған өлкеміздің «Туған жер» атты өлеңі оқылды.