XIX ғасырдың екінші жартысы. (Архит.).
Володарский көшесі, 34 (Сакко және Ванцетти көшелерінің қиылысы) бойында орналасқан. Бұрын Шулепов Иван Алексеевичке тиесілі үй XIX ғасырдың екінші жартысында салынған. Үй иесі экипаж, бричек, шана және т.б. өндірісімен айналысқан. Ғимарат жартылай тас: төменгі, жертөле бөлігі-кірпіш, жоғарғы бөлігі – бөренелерден жасалған ағаш. Ғимараттың іргетасы – кірпіш. Ескерткіштің қасбеттері ағаш оюлармен әдемі безендірілген, әсіресе басты көше қасбеттерінде орналасқан екі шатырлы педименттерде ерекше. Ғимаратта ағаш бекітілген веранда бар. Ескерткіш XIX ғасырдағы ағаш сәулет өнерінің қалада сақталған бірнеше үлгілерінің бірі ретінде қызығушылық тудырады. Материалдар Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің, Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің, Петропавл қалалық әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Солтүстік қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының қорларында сақталады. Ғимарат Петропавл облыстық атқару комитетінің (11.11.79 ж. № 478) шешімімен қорғауға алынды.