Атындағы ҚМУ облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының С.Мұқанов »
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханада «Жыр жүирігі деген атпен өткен еске алу кеші жерлесіміз, белгілі ақын, журналист Зеинолла Әкімжановтың туғанына 70 жыл толуына арналып, оған марқұмның заиыбы, балалары, замандастары мен әріптестері, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.
Шараны кітіпхананың қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің меңгерушісі Майра Тұрғынқызы кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Ардагер ұстаз Қарақат Шалабаев саналы ғұмырын «Ленин туы» (қазіргі «Soltistik Qazaqstan») газеті қабырғасында өткізіп, қарымды қаламгер, арқалы ақын ретінде танылған Зейнолла Рамазанұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама жасап, шындық пен әділдікті өмірлік мақсат-мұратқа айналдырған азаматтық қыр-сырына кеңінен тоқталды. «Зейнолла да ақындар секілді ел мен жер, әке мен ана, табиғат пен тіршілік, өмір мен тағдыр, достық пен махаббат секілді тот баспайтын, көнеріп көмескі тартпайтын атам заманнан бері келе жатқан ежелгі тақырыптарды өзінше жырлады», – деді баяндамашы.

Жиында сөз алған облыстық «Soltistik Qazaqstan» газетінің бас редакторы Ербақыт Амантайұлы, марқұмның досы Жапар Төлегенов, сыныптасы Марал Зейнел-Ғабиқызы, әріптесі Қошан Қали, оқырманы Қайрат Дүйсенбі, тағы басқалары Зекең туралы есте қалар естеліктермен бөлісті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлт намысы үшін шырылдап, ел іргесін шайқалтуға бағытталған іс-әрекеттерді әшкере-леген батыл әрекеттерін бөле-жара айтты.
Мектеп оқушылары мен университет студенттері ақынның жыр шумақтарын оқып, кеш ажарын аша түсті. Шара соңында ақынның зайыбы Ғалия Уахитқызы бір шаңырақ астында 42 жыл түтін түтеткен Зекеңнің мейірімді, еңбекқор, қолындағы барын бөліп беретін жоғары адами қасиеттері туралы айта келіп, кешті ұйымдастыру-шыларға алғысын білдірді.
Әдеби кешке қатысушылар «Кестелі жыр, көркем ойдың шебері» көрмесін тамашалады.
Өмір Есқали,
«Soltistik Qazaqstan»
_________________________________________________________
/ Солтүстік Қазақстан.-3 шелде.-12 бет.-2021 жыл.