Қалалық саябақтың тоғыз жылдың торабы тәрізді тұсына орнатылған монумент ерекше әдемі. Ұлы ақындардың мәуелі ағаштың түбінде бейнеленуі өлеңнің мәңгілігін меңзеп тұрғандай. Ескерткіштің артқы жағында жартылай шеңбер жасаған Ай сәулелі діңгектер көне ғасырдағы көзге елестеткендей. (Ұлыларға ескерткіш //Қызылжар нұры.- 2006.- 22 желтоқсан.- Б. 4)
«Абай мен Пушкин» мүсіндік композициясының авторлық ұжымы: жоба басшысы – Т.А. Мансұров, мүсінші – Қ. Сатыбалдин, сәулетшілер: С. БАймағамбетов, В. Затай. (Солтүстік Қазақстан облысы. Абай – Пушкин .- Петропавл қаласы)
Мүсінші Қазбек Сатыбалдин ақындарды аумақты өмір ағашының жанында тұрған кейіпте бейнеледі. Қола мүсіндер гранит тұғырға орнатылып, тасқа ақындардың есімдері жазылған. Артында жартылай шеңбер түрінде әсем ұстынтізбек, оның екі жағында классикалық стильде шамдар орнатылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі жеті жарым метрдей.