Имантау демалыс аймағы солтүстiктен оң түстiкке 70 км. Шығыстан бастысқа 65 шақырымға созылып жатқан табиғи оазис. Оның негiзi таулы-орманды су қоймалары мен Имантау көлiнен құралған алаптан құралған, ол өңiрдегi ең әдемi көлдiң бiрi деп текке айтылмайды.
Имантау демалыс аймағыКөлдiң суы тұщы. Көлге оңтүстiк және шығыс жағалауларынан Змейка және Осиповка өзендерi құлайды. Мұнда Байсары және Исбачка көлдерiнiң суы құйылады. Көлдiң ортасында жүрек тәрiздi көрiктi де орман қаптаған кiшiгiрiм арал бар. Көлдiң түбi тегiс. Оңтүс және солтүстiк жағалауы құмды, оңтүстiк-батыс және шығыс жағы-жартасты.Ормандар көлдермен бiрлесiп ерекше микроклимат жасайды. Мұнда бұғылар, елiктер, борсықтар, түлкiлер, тиындар, құрлар, шiлдер, және басқа аңдар мен құстардың түрлерi мекендейдi.
Табиғат ескерткiштерi:
«Котелок» және «Обозрение» шоқылары, «Казачьий» аралы, «Буян» шатқалы жергiлiктi тұрғындар мен демалушыларды өзiнiң қайталанбас сұлулығымен баурайды.
Имантау көлiнiң жағалауы — «жабайы туристердiң» жақсы көретiн демалыс орны. Жазда бұл жерде түрлi-түстi шатырлардан қала тұрғызылғандай болады. Көлге жету оңай, жол торабы демалыс орнын Чистополье одан әрi Есiл, Торғай, Володаровское селоларымен, Қостанай, Челябинск, Көкшетау, Омбы, Түмен, Новосибирск қалаларымен байланыстырып жатыр.
Имантау демалыс аймағы «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы Арықбалық өңiрлiк бөлiмшесiне қарасты. «Экос» экотуризм қоры жөнiндегi халықаралық бағдарлама аясында Имантау ауылында жергiлiктi тұрғындар 12-15 адамнан құрылған шетелдiк туристiк топтарды қабылдауға арналған үш қонақ үй даярлады, тарихи және табиғи ескерткiштерге барудың туристiк бағыттарын әзiрледi.
Шалқар рекреациялық аймағы орташа таулы рельефiмен сипатталады. Шалқар көлi су бетiнiң аумағы 3241 га құрайды, айналасы аралас және қарағайлы орман, пiшiнi бойынша таға тәрiздес. Көлдiң оңтүстiк жағында емдiк балшық бар. Суы тұзды, барынша таза, тереңдiгi он метрге дейiн, құрамы бойынша Қара теңiздiң суына сәйкес, терi ауруларын емдеуге шипалы. Жағажай аймағы құмды, кей жерлерi тасты. Көрнектi табиғи ескерткiшi «Тiлектер тауы» («гора Желаний») болып табылады.