Сәбит Мұқанов (1900-1973) – қазақ әдебиетінің классигі, ақын, қоғам қайраткері, академик,республикадағы әдеби істің көрнекті ұйымдастырушысы. С.Мұқанов XVIII — XX ғғ. басындағы қазақ әдебиетін, жекелеген қазақ прозашылары мен ақындары — С. Сейфуллин, М. Әуезов, республика халық ақындарының шығармашылығын зерттеді. Ол көп жылдар бойы Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаевтың ғылыми және әдеби мұрасын зерттеумен айналысты. Оған қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығының алғашқы жүйелі баяндамасы тиесілі.
Мұражай Сәбит Мұқановтың ағасына тиесілі үйде орналасқан. Бір қызығы, бұрынғы ауыл саудагерінің бұл ағаш үйін Благовещенка ауылынан С.Мұқановтың өзі сатып алып, оны 1958 жылы Сәбит ауылына көшірген. Оған Сәбит Мұқанов пен оның немере ағасы Ш. Мұстафин де қатысты.
Орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Сәбит ауылы.