Қала құрылысы және сәулет ескерткіші Қызылжар мешіті облыстың басты мешіті болып табылады. Құрылыс 2001 жылы қайырымдылық жарналарынан түскен қаражатқа, сондай-ақ Сауд Арабиясы королінің демеушілік көмегін тартумен басталды.
Ғимарат рухани-мәдени және қоғамдық-саяси маңыздылықтың үлгісі болып табылады, сондай-ақ облыс қонақтары мен тұрғындары жаппай баратын орын болып табылады.
Орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мир және К.Сүтішев көшелерінің қиылысы.