2005 жылы 31 мамырда саяси құғын-сүргiн құрбандарына арналған ескерткiш ашылды.
Ескерткiш өткен жүзжылдықтың отызыншы жылдары НКВД ғимараты орналасқан жерге қойылды. Ескерткiштi Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Тайыр Мансұров ашқан едi.
Құғын-сүргiн жылдары 1465 солтүстiкқазақстандық атылды, 5-6 мыңнан астам жерлесiмiз түрмелерге қамалды және жер аударылды. Сонымен бiрге Петропавл қаласына бүкiл Кеңес Одағынан «халық жаулары» жер аударылды, соның iшiнде жазушы Александр Солженицын және ақын Лев Гумилев болған. Ұлы Отан Соғысы кезiнде СҚО-ға мыңдаған немiстер, шешендер, ингуштар мен поляктар аударылды.
Ескерткiштiң жобасы 2004 жылы ҚР Еңбек сiңiрген қайраткерi, Суретшiлер одағының мүшесi Хасан Абаев басқарған сәулетшiлер тобымен әзiрлендi. Ескерткiштiң iргетасы 2005 жылғы 31 мамыр Саяси құғын-сүргiн құрбандары күнi қаланды.
Ашылған ескерткiш жаңа қалалық бақта орналасқан.