Петропавл қаласының 20 ықшамауданында Жәлел Қизатов және Жуков көшелерiнiң қиылысында 2018 жылдың 28 тамызында ашылды. Мешiт 500 орынға шақталған және қайырылымдық қаржысына салынды.Жалпы көлемi 1,4 га, мешiт ғимаратының аумағы 2 793 ш.м. құрайды.
Ғимарат монументалды порталы бар үш деңгейлi және биiктiгi 42 метр төрт минареттi. Жаңа мешiт барлық канондар және ислам дәстүрлерi сақталып салынған.
Құрылысы 2014 жылы басталған мешіт жұртшылықтын жеке қаржы есебінен салынғанын атап еткен жөн. Күмбезі көк аспанмен таласқан Алланың үйі ғимаратының бас архитекторы – Сағындық Жанболатов.
Мешiт жанында су бұрқағы бар сквер жасалынған.