1922 жылы 11 қыркүйекте Түмен облысы Қазан ауданы Ильинка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Орыс. 10 жасар бала ата-анасымен бірге Петропавлға көшіп келген. 1937 жылы Петропавл станциясының №46 мектебінің 7 сыныбын, содан кейін Семей химия – технологиялық техникумын бітірген. Қызыл Армияда 1940 жылдан бастап. Чкалов әскери ұшқыштар мектебін бітірген.
1942 жылдың қыркүйегінен бастап Ұлы Отан соғысы майданында. 622-ші авиациялық полк эскадрильясы командирінің орынбасары (214-ші авиациялық дивизия, 4-ші әуе армиясы) лейтенант Кошуков 1944 жылдың қаңтарына дейін 120-шы әскери ұшуды жасады, жаудың көптеген әскери техникасы мен жұмыс күшін жойды. Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылы 13 сәуірде берілді. Ленин, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
1944 жылы 19 шілдеде эскадрилья командирі аға лейтенант Кошуков әскери ұшу кезінде қаза тапты. Латвия КСР Прейл ауданының Гален ауылында жерленген.
Батырдың есімімен Петропавл қаласында көше аталған. Прейлиде өткен ғасырдың 60-жылдарындағы көшелердің бірі де Кошуковтың есімімен аталды. Латвия КСРО құрамынан шыққаннан кейін, осы елді мекендегі Кошуков көшесі басқа атау алды.
Ленин (13.04.1944), Қызыл Ту (17.11.1943), Қызыл Жұлдыз (22.04.1943) ордендерімен марапатталған)