С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
Рухани әкеміз, асқар тауымыз, абайтанушы, абылайтанушы және мағжантанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жоғары мектебі ҰҒА-ның академигі, өлкетанушы, ұлағатты ұстаз, парасатты профессор Зарқын Сыздықұлы 80 жасқа толып отыр. Қасиетті қаламымен, ұшантеңіз білімімен ұлтына, туған еліне адал қызмет етіп келе жатқан Қазақстанның құрметті профессоры осынау мерейлі жасына ғажайып жетістіктермен жетіп отыр. Тәуелсіз Қазақ елінде Зарқын Тайшыбайдай бірнеше салада ұлт ғылымына, руханиятына олжа салған, екі өңірде – Орталық және Солтүстік Қазақстанда журналистік мамандықты ашып, шәкірт тәрбиелеген ғалым жоқ-ау.
«Білім – ердің дәулет» депті бабаларымыз. Осынау Алла бұйыртқан бақ-дәулетіңізбен ұзақ жылдар бойы қазағыңызға адал қызмет етіп келесіз. Қадіріңіз арта берсін, Зақа! Барлық шәкірттеріңізге, балаларыңызға, немере-шөберелеріңізге жасыңызды, бағыңызды, жолыңызды Алла нәсіп етсін!
Төлен ТІЛЕУБАЙ,
«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы.
______________________________________________________________________________________________________________________________
Төлен Тілеубай. Рухани әкеміз. / Т. Тілеубай // Солтүстік Қазақстан. – 5 мамыр.- Б. 4 2022