Ақпараттық сағат «Суретшінің сырлы әлемі» (Жұманов Е) Буденный ауылдық кітапханасында ақпараттық «Суретшінің сырлы әлемі» атты суретші Жұманов Е. туралы бейнероликті оқырмандарға ұсынды. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды суретшінің шығармасымен таныстырып, суретшінің ойын ұғындыру. Кітапханашы суретшінің өмірбаянымен таныстырды. Оқырмандар Е.Жұманов 1981ж. В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтының кескіндеме факультетін бітірген білді. Суретші еңбек жолын 1981жылдан Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің арнайы пәндер оқытушысынан бастады. Адам өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап қырлап бояуға, оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеп еңбек еткен, қылқалам шебері, өнер иесі, қазақстанның суретшісі Е. Жұмановтың шығармашылығы республика көлеміне таныс. Бала кезінен суретші болуды армандаған арманын іске асырған тұлға десек болады. Ол өзінің сапалы өмірін отанының көркем образын жасауға арнаған. Е. Жүманов шығармашылығы тақырыптық портрет, пейзаж, мистикалық сюреализм жанрларымен жұмыс істейді. Мысалы: «Арбаның ұзақ кеңістігі» (1998), «Түркістан-Иассауи» (20005), «Әл-Фараби» (2005), «Еділ мен Рим қасқыры» (2008) жұмыстарының авторы. Сонымен қатар жазушымыздың көптеген ең үздік марапаттары да бар. Қазақ халқының туған даласын, табиғатын қылқаламмен жеткізген суретші. https://www.facebook.com/100011561645353/videos/1210574822671228
