Бабалар рухына бас иді

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыс орталығындағы Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған шараға өңір басшысы Айдарбек Сапаров пен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мамандары, әскери сала ардагерлері мен жастар қатысты.  Салтанатты шара қатысушылары ескерткішке лек-легімен келіп, гүл қойып, тағзым етті.…

Мың тағзым саған, майдангер!

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Жеңіс күніне орай өңір басшысы Айдарбек Сапаров қалада тұрып жатқан соғыс ардагерлері – Қожатай Некібаев пен Иван Клименконың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан майдангерлердің бүгінде жетеуінің көзі тірі. Мерекеге орай қарт жауынгерлермен жүздескен облыс әкімі олардың ел басына күн туған сәтте халыққа…

Сарғайған хаттар

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысты сан алуан деректер бар. ХХ ғасырдағы ең қасіретті, зұлмат соғысты суреттейтін ресми құжаттардан басқа, майдан тарихын зерттеуде маңызды мәліметтердің бірі – жеке адамдардың майданнан тылға, тылдан майданға жазған хаттары. Олардың ішінде Кеңес одағының батырлары мен қатардағы жауынгерлерден келіп…

Ерте есейткен уақыт

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Айтарым көп сияқты көрінгенімен, жасым 90-нан асқаннан кейін бе, біразы көрген түстей жадымда көмескілене бастапты. Бұғанамыз қатпай жатып еңбекке араластық, ерте есейдік. Неміс басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашып, ел басына ауыр күн туғанда мектеп оқушысы едік. Тұлымшағымыз желбіреп, құлынтайдай асыр салып ойнаудың орнына үлкендермен бірге ұжымшардың жұмысына жегілдік. Таң…

Қамқорлық құшағында

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана  Адамзат баласына ауыр қасірет шектірген сұм соғыстың тигізген зардабын ақын Сырбай Мәуленов: «Қанша үйдің ұрлап адамын, қанша үйде сөніп қалды оттар», – деп өрілетін өлеңінің екі жолына сыйғызған ғой. Қанды зұлматтың жүректерге жазылмас жара салған зардабына ой жүгірткен сайын осы жылы жетпіс сегізінші рет қарсы алып отырған Жеңіс…

Тікелей эфир. Онлайн жоба «Бірге оқимыз». Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы туралы

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Тікелей эфир. Онлайн жоба «Бірге оқимыз». Назарбаев зияткерлік мектебінің 2 В сынып оқушысы Қабдуали Аяулым Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы туралы.#БиблиотекаимСМуканова#ЛучшаяБиблиотекаРК#СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг#ПарасатЖолы#Мейкерспейс#Информация#Чтение#Книги

«Мағжан және ұлттық болмыс». Ғылыми-танымдық семинар

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана 30 наурыз күні кітапханада даңқты жерлесіміз, ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы аясында ҚР Ұлттық ұланы академиясымен бірлесе «Мағжан және ұлттық болмыс» тақырыбына ғылыми-танымдық іс-шара өтті. Іс-шарада полковник Архат Тәттімбетов, Академияның Тілдік дайындық кафедрасының бастығы, майор Ақмарал Сәркенқызы сөз сөйлеп, Мағжан Жұмабаевтың жай ғана ақын емес, ұлт…

«Мен өлмеймін, менікі де өлмейді»

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Биыл қазақтың даңқты ақыны, «Алаш қозғалысының» ірі қайраткері, түрік дүниесінің бірегей тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толмақ. Осыған орай С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жыл бойы әр аптаның бейсенбісінде Мағжан оқулары өткізіледі.Бүгін «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» тақырыбына тікелей эфир өтті. Эфирде кітапханашы Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына,…

Жануға ғана жаралған жүрек

Қызылжарда Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған жыр мүшәйрасының қорытыдысы шығарылды С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Биыл қазақтың ардақты перзенті, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Осыған орай өңірімізде көптеген рухани шаралар ұйымдастырылмақ. Оның негізгі бөлігі ақынның кіндік қаны тамған Қызылжар өлкесінде өтеді деп жоспарлануда. Ақан сері атындағы облыстық филармонияда «Мен өлмеймін,…

«Батыр Баян» – әдебиет жауһары

С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Алаштың ардақты ұлдарының өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларының тұпқазығына айналып, қазақ әдебиетінен берік орын алғанымен, бұл ұстанымды зерттеу, зерделеу XX ғасырдың соңғы кезеңінде ғана қолға алына бастады. Оның жемісін еркіндікті, егемендікті аңсаған ұрпақтары көріп отыр. Өлмес туындыларын оқырмандар асыға күткен Мағжан Жұмабайұлының шығармасы қазақ халқының асыл мұрасы ретінде қабылданып,…