6 қаңтарда СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының Бастомар ауылдық кітапханасы «Қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениеті»бейне-журналын ұсынды.
Іс-шараның мақсаты:
Қазақ дәстүрімен және мәдениетімен таныстыру.
Түсінік беру, әдет-ғұрпы мен салтын көрсететін рухани өмірі.
Қазақ халқының мәдениеті мен тарихына танымдық қызығушылықты дамыту.
Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақстандық тәрбие
Іс-шараға фейсбук сайтының қолданушылары қатысты. Роликтің басында кітапханашы қазақ халқының дәстүрі мен мәдениеті туралы айтып берді. Содан кейін қысқаша қазақтардың мәдени құндылықтарымен, салт-дәстүрлерімен таныстырды. Одан әрі кітапханашы Наурыз, Құрбан айт мерекелері туралы ақпарат беріп, ұлттық спорт түрлерімен, қазақ зергерлерінің шығармашылығымен, Қазақ ұлттық киімімен, асханасымен таныстырды. Роликте қазақтардың өнері мен халық кәсіпшілігі, қазақ халқының ерекшеліктері, дәстүрлері, мәдениеті, жарқын және көпқырлы әлемі ұсынылған.