С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
Көркем сөздің тарланбоз шебері, әдебиетіміздегі тұңғыш Социалистік Еңбек Ері, көрнекті жазушы, белгілі қоғам, мәдениет қайраткері, жерлесіміз Ғабит Мүсіреповтің туғанына 22 наурыз күні 120 жыл толады. Оның көркемдік шеберлігі кейінгі буын қаламгерлердің үйреніп, тағылым аларлық әдеби мектебіне айналды. Қазақ әдебиетінің дамуына келелі үлес қосқан Ғабит Мүсірепов артына мол мұра қалдырды. Көрнекті еңбектері орыс және басқа да халықтар тілдеріне аударылып, дүниежүзіне кеңінен таралғаны мәлім. Қаламгердің «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Өмір ертегісі», «Алғашқы адымдар», «Шұғыла», «Үздіксіз өсу», «Жайлау жолында», «Тұтқын қыз», «Жеңілген Есрафил», «Ананың анасы» сынды шығармалары бар. «Қазақ солдаты», «Оянған өлке» романдары, «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі – қазақ прозасына олжа салған шоқтығы биік туындылар. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты опера либреттолар авторының қаламынан «Амангелді», «Ақан сері – Ақтоқты», «Болашаққа аманат», «Қыпшақ қызы – Аппақ», «Қайран Майра» атты драмалық шығармаларда туған.
Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармалары жайлы мақалаларды газетіміздің 8-9 беттерінен оқи аласыздар.
_________________________________________________________________________________________________________________
/ Шалабаев, Қарақат. Көркемсөзбен кестеленген ғұмыры, Қызылжардың қырын-қанат бір ұлы! / Қ. Шалабаев // Солтүстік Қазақстан. – № 32-33.- 8-9 бет.- 2022.