Атындағы ҚМУ облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының С.Мұқанов
Қызылжар топырағында дүниеге келген танымал жерлестеріміздің арасында мәдениет саласына зор еңбек сіңірген азаматтар баршыылық. Солардың бірі – қазақ кино өнерінің көрнекті қайраткері, режиссер, актер Аяған Шәжімбаев. Ол аққан жұлдыздай жарқ етіп, қырықтан асқан шағында қыршынынан қиылған еді. Жас ұрпаққа дарын иесін жақынырақ таныстыру мақсатында «Алаштың Аяғаны» атты жинақты сөз еткелі отырмын. Бұл кітапта Аяған Қуандықұлы туралы республикалық және облыстық газеттерде жарияланған өлеңдер мен естеліктер, оның кинотуындылары жөніндегі мақалалар және жан-жақты өнер иесінің қаламгерлік қырын танытатын повесі мен әңгімелері, әзілсықақтары топтастырылған.
Аяған Шәжімбаев 1952 жылы Есіл ауданының Қаратал ауылында дүниеге келген. Осындай азаматтың жерлесі екенімді мақтан тұтып, ол жайында жазылған еңбектерді қалт жібермеуге тырысамын. 2013 жылы жарық көрген жинақ бізге кино жұлдызымен, оның өмірімен, еңбек және шығармашылық жолымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Мәселен, Аяған ағамыздың мектепті бітірген соң, бұрынғы «Ленин туы» (қазіргі «Soltustik Qazaqstan») газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істегенін көбіміз біле қоймаймыз. «…Сонда еңбек етсем деген игі ниетпен «Ленин туы» редакциясының та-балдырығын имене аттаған едім. Алырмай, сонда… Ешқандай өмірлік еңбектегі тәжірибесі жоқ, қайнаған қызу дода – үлкен өмірге енді қадам басқан маған, «сары ауыз» шикі балаға үлкен сенім көрсетілді-ау». – деп автор газетте қызмет еткен күндерін сағына еске алады. Бұл кітапта оқырман қауымға жерлесіміздің бірнеше мақаласы ұсынылған. Оларды оқи отырып, автор өмір сүрген тустағы тыныс-тіршілікті, қоғам проблемаларын айқын сезінуге болады. Ал новелла, повестерінде қаламгер табиғатты әсерлі суреттеп, оқырманды әдемі ойлармен қиял әлеміне жетелей түседі. Оның ауыл тірлігінен алынған, балаларды табиғатты сүюге, туған ел, жер қадірін ұғуға шақыратын жақсы қасиеті барлық шығармаларында айқын білініп тұрады. Жас буынның өз ойын әсерлі жеткізу, жалпы ойлау қабілетін арттыруда Аяған Қуандықұлының туындылары таптырмас құрал болып табылады. Оның «Кешірім», «Күтумен өтер ғұмыр», «Оралу» сынды еңбөктері окырманга еріксіз ауыл емірін елестетіп, туған жерге деген бектері оқырманға еріксіз ауыл өмірін елестетіп, туған жерге деген сағынышын оятады.
Кітаптың келесі бөлігінде ел ағаларының, журналистердің, өнер қайраткерлерінің Аяған Шәжімбаев туралы жазған естеліктері, өлеңдері көрініс тапқан. Жерлесіміздің кино саласында атқарған еңбегі туралы көп дуние айтылады. Мысалы, Әмір Тарақ кинорежиссердің қайтыс болғанына бір жыл өтуіне байланысты жазған естелігінде ол жайлы жақсы ойларын жеткізеді. Ол: «Алжир», «Жансебіл» фильмдері тарихымыздың» ақтаңдағын»ашқан, өткеніміздің бізге беймәлім құпия сырларын, ащы шындықты деректі және көркем кино тілінде жарқырата көрсету болса, ауыл ақсақалы емші, оташы Қоштай қарт жайлы оның «Бәйтерек», Қазақстанның халық әртісі, белгілі актер Әнуар Молдабеков, қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин туралы қысқа, деректі дүниелері үлкен ізденістің, кәсіби шеберліктің, дарындылықтың жемісін айғақтайды», – деп толғанады. Өзге авторлар да Аяған Шәжімбаевтің өмірден ерте кеткенімен, мағыналы ғұмыр кешкенін баяндайды. Мағыналы болатыны-ол өнерді сүйді, жай ғана сүйіп қойған жоқ, өзгелерден ерекше, бар болмысымен, жантәнімен, ессіз сүйді.
Өнер жұлдызының жүріп өткен жолын, қысқа ғұмырында елге сіңірген еңбегін білу өзім сияқты әр жастың парызы деп білемін. Өз басым Аяған аға жайлы кітапты оқи отырып, адам өмірге жай келмейтінін, еңбек арқылы ғана жетістікке жете алатынын түсіндім. Бұл құнды еңбекпен танысқан өзге оқырмандарда жерлесімізді жақынырақ танып, Қызылжар топырағының қасиетті екеніне тағы бір кез жеткізгендей болады деген ойдамын.
Эльдана НҰРСЕЙІТОВА, Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері.
___________________________________________________________________________________________________________________
Нұрсейітова, Э. Құнды еңбек / Э. Нұрсейітова //Солтүстік Қазақстан. – 2020. – 23 шілде. – 8 б. (о книге «Алаштың Аяғаны», куда вошли статьи известного режиссера и актера, уроженца СКО Аягана Шажимбаева и воспоминания о нем)