ХIХ ғасырдың соңы (Сәулет өнерi). Первомай көшесi, 94 мекенжайы бойынша орналасқан.
Үйдi 1870 жылы саудагер Әлiбай Мұхамедьяров салған болатын. Ғимарат кiрпiш, екiқабатты. Бiрiншi қабатында дүкен, қойма болды. Екiншi қабатында үй иесiнiң жанұясы тұрды. Осы үйде Әлiбайдың қызы — ақын Мағжан Жұмабаевтың болашақ жары Зылиха дүниеге келдi. Мағжан мен Зылиха атасының үйiнде үйлену тойларынан кейiн 1922 жылға дейiн тұрды. 1922 жылдан кейiн бұл ғимаратта әртүрлi мекемелер орналасты. Ұлы Отан соғысы жылдарында — ГОРНО, кейiн дүкен, мейрамхана, кафе. Қазiргi уақытта бұл ғимаратта «Информвест» облыстық газетiнiң редакциясы орналасқан.
Ғимарат шет аймақтық көпес қаласының тарихи жоспарының үлгiсiндегi ХIХ ғ. соңы-ХХ ғ. басына тән тұрғын үйге арналған жоспарлы кешенi және қаланың сәулет өнерi мұрасы болып табылады.