Жаңа православты шiркеутiң салынуы 1999 жылдың 2 шiлдесi күнi келушiлер мен демеушiлердiң қаражатына салынды. Жаңа православты шiркеудiң ашылуы мәдениет пен ақпарат Министрлiгiнiң өкiлдерi, қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен 2005 жылдың 27 қарашасы күнi болды. Облыс әкiмiнiң 80 млн.теңгеден аса қаражат бөлуi құрылысты аяқтауға мүмкiндiк бердi. Шiркеу қызыл кiрпiштен қаланған. Мәскеу қаласының мэрi Ю. Лужков шiркеуге орталық 4 қабатты паникадило-шамшырақ сыйға тартты. Кесiлген иконостас «Жуков» жеке кәсiподағының шеберлерiмен жасалды. Шiркеуге беунелеу өнерi мұражайының қорында сақталған төрт шiркеулiк белгiше (19 аяғы.-20 басы) тапсырылды