ХХ ғасырдың басында салынды (1911 жылы деп болжануда). Алайда бiрқатар себептермен мақсаты бойынша қолданылмай, тұрғын жайларға бейiмделдi. 1956 жылғы қазан айынан ғимаратта балабақша жұмыс жасайтын, ал костел ретiнде ауласындағы ағаштан жасалған ғимарат пайдаланылды. Жексенбi күндерi мұнда католиктердiң балаларын оқытатын жексенбiлiк мектеп жұмыс iстеген. Қазiргi кезде ескерткiш толығымен қалпына келтiрiлiп, Пресвятое Сердце Иисуса Рим-католиктер ғибадатханасының приходы орналасқан (реставрациялау және қалпына келтiру жұмыстары негiзiнен поляк диаспорасы мүшелерiнiң қаражатына жүргiзiлдi).
Ғимараттың жайғасымы дiни католик құрылыстарының өзiндiк ерекшелiктерiн көрсетедi және ХХ ғасырдың басындағы дiни сәулет ескерткiшi ретiнде қызықтырады.